«Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі
«Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) іске асыру мақсатында әзірленді.
Аталған бұйрық жобасының қабылдау мақсаты ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру тәртібін және ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту болып табылады.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.