Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 188 бұйрығының құқықтық мониторингі шеңберінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
2021 жылғы 13 қыркүйекте бұйрық жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталына орналастырылды және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесіне қарау және келісу үшін жіберілді.