Меню

Страницы

Статья

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы

№ 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру шеңберінде («Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі-заң) мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылды: «Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауды Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырады»). «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы

№ 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы әзірленді.

2021 жылғы 18 қазанда бұйрық жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылды (жобаны көру үшін мына сілтемеге өтіңіз https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12273202) және 2021 жылғы 19 қазанда қарау және келісу үшін:

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің мүшелеріне;

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің мүшелеріне;

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне (ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама үшін) жіберілді.

Дата публикации
19 октября 2021
Дата обновления
19 октября 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы