Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 524 бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті 2021 жылдың 9 айында Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелерінде 5 аудиторлық іс-шара өткізді.
Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша функцияның орындалмауы, бөлім туралы ережелердің әзірленуі және бекітілуі, жұмыс жоспарларының және олардың орындалуы туралы есептердің жасалуы, Министрліктің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторының орындалмауы, бюджет қаражаттарының жоспарлануы, еңбекақының есептелуі мен төленуі, іс-сапар шығындарын өтеу бөліктерінде, негізгі құралдарды тиімсіз пайдалану бұзушылықтар анықталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын сақтамауға жол берілген.
Анықталған бұзушылықтардың себебі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын лауазымды тұлғалардың сақтамауы болып табылады.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомалары толық көлемде өтелді және бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объект басшыларына ішкі аудит нәтижелері туралы есепке Министрдің шешімі жіберілді және Қазақстан Республикасы заңнамасын одан әрі бұзушылықтарды жою және алдын-алу бойынша ұсынымдар әзірленді.
Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі аудит объекті жұмысының тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті, оның ішінде министрліктің ведомствоішілік бұйрықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.