«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым ставкаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 41-ө өкіміне сәйкес әзірленді.
Осы Жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасында айқындалатын тұлғаларға Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым ставкаларын таратпау туралы нақтылауды енгізу болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында орналастырылған.