Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.
Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын 2022 жылдан 2025 жыл бойынша орта есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру болып табылады.