Баспасөз релизі
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.
Аталған Заң жобасын қабылдаудың мақсаты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500-ден 60 000 теңгеге көтеру болып табылады.