Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы Қазақстан Республикасының ведомствоаралық үйлестіруші және кеңесші органдардың отырыстарына, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер және Комиссияның (Комиссия Кеңесінің, ЕҮАК, ЖЕЭК, жылсайынғы «Еуразиялық апта» халықаралық форумы, конференциялар және өзге де халықаралық деңгейдегі мүше мемлекеттердің территорияларында өткізілетін іс-шаралар отырыстары) қатысуымен өтетін іс-шараларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы экономикалық интеграция сұрақтары бойынша Үйлестіруші комитетте қарауға жататын сұрақтар бойынша қазақстандық тараптың шоғырланған ұстанымын дайындау үшін ұсыныстар әзірлеуде және келісуге қатысады. Қазақстан Республикасында және шетелдік мемлекеттерде халықаралық іс-шараларды, сондай-ақ ТМД мүше-мемлекеттерімен екіжақты кездесулерді, халықаралық форумдарды, ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де ұқсас халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізеді.