Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бойынша 2021 жылғы I жартыжылдық есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес әлеуметтік-еңбек саласындағы 45 қызмет түрінің ішінде 41 қызмет (91%) электрондық түрде көрсетіледі, оның 21-і проактивті, яғни азаматтың қатысуынсыз автоматты түрде көрсетіледі.

2021 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша барлығы                 7,0 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 4,2 млн. электрондық мемлекеттік қызмет (оның ішінде 156,0 мың проактивті көрсетілген) немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 60,3%.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша Министрліктің ең талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің 5-ін атап өту қажет:

- «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» (2 млн. 389,7 мың); 

- «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру» (1 млн. 350 мың);

- «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» (485,5 мың);

- «Бала туғанда және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» (394,3 мың);

- «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру» (307,4 мың).

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер электрондық және қағаз нысанда, сондай-ақ проактивті форматта көрсетілетінін айта кету керек.

Министрлік тұрақты негізде ағымдағы электрондық процестерді жақсарту және қызмет көрсетудің қағаз нысандарын электрондық және проактивті форматтарға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға байланысты процестерді толық цифрландыруды тапсырды. Бұл жұмыстың негізгі бағыты - мүмкіндігінше барлық қызметтерді проактивті форматқа көшіру, яғни қызмет көрсетудің бастамашысы азамат емес, мемлекет болып табылады.

Барлық қажетті құжаттар мен мәліметтер ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы арқылы қалыптастырылады. Азамат тек қызмет алуға келісім беруі керек. Қызметтің проактивті түрі-көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен байланысын болдырмайды, қызмет көрсету уақытын қысқартады, қағаз құжаттарды жинау және уәкілетті органдар қызметкерлерінің қатысу қажеттілігін жояды.

Осылайша, халыққа проактивті қызметтер көрсетуді барынша қамту мақсатында 1 жартыжылдықта келесі іс-шаралар өткізілді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап өтінішсіз мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды:

- «Мүгедектерді протездік - ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 1699 проактивті қызмет;

- «Мүгедектерді техникалық-көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 1461 проактивті қызмет;

- «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 859 проактивті қызмет;

- «Мүгедектерді есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу-жылына алпыс сағат» - 175 проактивті қызмет;;

- «Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 274 проактивті қызмет;

- «Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 2580 проактивті қызмет.

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау» және «Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау» әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабарламаларды жіберу кезеңдерін қысқарта отырып мемлекеттік қызметтерін проактивті форматта көрсетудің бизнес-процесі қайта қаралды. Бұл шара азаматтардың қызмет алу процесін жеңілдетуге және көрсетілетін проактивті қызметтер санын арттыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойылды, оның шеңберінде ағымдағы жылдың шілде айынан бастап «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» және «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметтерін «электрондық үкімет» порталынан алуға болады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ақпан айында «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Іске қосылған сәттен бастап барлығы 3020 электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау «электрондық үкімет» веб-порталында пилоттық режимде жүзеге асырылады. 1 шілдедегі жағдай бойынша осы форматта 78 403 электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу рәсімдерін оңтайландыру және оңайлату шеңберіндегі тағы бір жоба-бұл ағымдағы жылғы шілдеден бастап пилоттық режимде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініштерді эксаумақтық қабылдауды енгізу. 1-кезеңде келесі қызметтер іске қосылды:

- «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау»;

- «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлем тағайындау»;

- «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау».

 Аталған жоба аясында азаматтар қай жерде орналасқанына қарамастан зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтінішті кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында бере алады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «электрондық үкімет» веб-порталында мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде:

- «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

- «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту»;

- «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу»;

- «Жүкті болу мен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»;

- «Еңбекке қабілеттілігін жоғалту жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»;

- «Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау».

Сондай-ақ, 2021 жылдың соңына дейін мына проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру жоспарлануда:

- «Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»;

- «Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»;

- «Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау»;

- «Еңбекке қабілеттілігін жоғалту жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»;

- «Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау»;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау».

 

Әлеуметтік қызметтер порталына қатысты.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) іске қосылды, онда мүгедек адамдар әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде оңалту құралдары мен өнім берушіні өз бетінше (олардың рейтингін, басқа пайдаланушылардың пікірлерін, құны мен сапасын ескере отырып) таңдай алады.

Портал іске қосылған сәттен бастап оңалтудың техникалық құралдарының (бұдан әрі – ОТҚ) 55 түрін ұсыну бойынша қызметтер, сондай-ақ жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының және санаторий-курорттық емдеу қызметтері қолжетімді болды.

Осы цифрлық алаңның болуының арқасында кезектілік үдерістері айқын болып, мерзімдер қысқарады, оңалту құралдарын іріктеуді азаматтың өзі (делдалдарсыз) жүзеге асырады, ал жеткізушілер өз рейтингтерін арттыру үшін өз қызметтерін барынша сапалы және жылдам көрсетуге мүдделі.

Портал адам факторын, яғни осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуді ынталандырады.

Жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының, санаторий-курорттық емдеудің қызметтері енгізілді, кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ұсыну, ағымдағы жылы порталда инватакси қызметін енгізу жоспарлануда. Порталда «Байланыс бар» сервисі арқылы интернет жылдамдығы тестін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 113 мыңнан астам мүгедек адам ОТҚ, 6 мыңнан астамы – ымдау тілі қызметін, 31 мыңнан астамы – жеке көмекші қызметін, 36 мыңнан астамы – санаторий-курорттық емдеу алды, және 122 мыңнан астам адам кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға (бұдан әрі – Әлеуметтік топтама) тапсырыс ресімдеді.

Бұдан басқа, жыл басынан бері оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге Мобильді азаматтардың дерекқоры арқылы телефон нөміріне sms-хабарлама арқылы 8,8 мың құжат проактивті түрде ресімделді.

Мүгедектігі бар адамдарға жеке іріктеуді талап етпейтін ОТҚ-ның 74 түрін сатып алу мүмкіндігі берілген.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 859 медициналық-леуметтік мекеме (бөлімшелер), 127 ОТҚ жеткізушілері, жеке көмекші қызметтерін ұсынатын 13 мыңнан астам жеткізуші, ымдау тілі қызметтерін ұсынатын 250 өнім беруші, санаторий-курорттық емдеу ұсынатын 66 өнім беруші, кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынатын 135 өнім беруші тіркелген.

Ауылдық жерлерде интернетпен толық қамтылмау сияқты тежеуші факторлар да бар, бірақ бұл бағытта Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде.

 

Электрондық еңбек биржасына қатысты.

Жұмыспен қамту саласында Электрондық еңбек биржасының (бұдан әрі – ЭЕБ) мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану көзделеді.

Бүгінгі таңда жұмыс іздеп жүрген адам жұмыспен қамту орталығына жүгінуге, кезекке тұруға және қолайлы жұмыс таңдау үшін орталық қызметкерлерімен байланысуға мәжбүр. Егер жұмыс табылмаса, сіз жұмыссыз ретінде тіркелуіңіз керек, қажет болған жағдайда жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем алуға жеке өтініш беруіңіз керек.

Енді барлық шаралар, Жұмыспен қамту құралдары ЭЕБ-да қалыптастырылатын болады. Еңбек биржасының электрондық порталы жұмыс іздеп жүрген адамның дағдыларына сәйкес бос орындарды, «Еңбек» бағдарламасының құралдарын, оның ішінде смс-хабарламаларды да автоматты түрде ұсынатын болады.

Азамат жұмысқа орналаспаған жағдайда ақпараттық жүйе адамды автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркейді және оған тиісті жұмыссыздыққа қатысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан проактивті әлеуметтік төлем тағайындайды.

Осы платформада жұмыссыз азаматқа мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындары бойынша бос орындарға рұқсат беріледі және егер ол әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, табысынан айырылу бойынша төлем белсенді түрде тағайындалады.

2020 жылдан бастап 17 пилоттық жұмыспен қамту орталығы (облыс орталықтары және республикалық маңызы бар қалалар) базасында Электрондық еңбек биржасы арқылы төрт мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды, атап айтқанда:

- «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;

- «Жұмыссыздарды тіркеу»;

- «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру» (бірінші кезеңде – жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары);

- «Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау».

Сондай-ақ, осы пилоттық жобаға ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап тағы 23 облыстық маңызы бар қала енгізілді және ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап пилоттық жоба республиканың барлық халықты жұмыспен қамту орталықтары (бұдан әрі-ХЖҚО) бойынша енгізілді (203 ХЖҚО).

Жыл басынан бері пилот шеңберінде 9,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, ЭБТ көмегімен жыл басынан бері 51,2 мың адам жұмыс тапты.

Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша Байланыс орталығының жұмысына қатысты.

Халыққа ыңғайлы болу мақсатында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 1411 әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі байланыс орталығы               1414 платформасына ауыстырылды. 2021 жылдың І жартыжылдығында            1411 байланыс орталығына жеке және заңды тұлғалардан 594 487 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4%-ға артық (2020 жылдың І жартыжылдығындағы 571 260). Оның ішінде:

- 1411 қысқа нөміріне – 592 213;

- telegramegovkzbot2.0 мессенджерінде livechat-қа әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша – 2 274 өтініш келіп түсті.

Телефон арқылы келіп түскен өтініштердің сипаты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша ең көп кеңес берілгенін көрсетеді – 460 272 немесе барлық өтініштердің 77,4%.

Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мәселелері бойынша 39 820 өтініш түсті немесе 6,7%, оның ішінде жәрдемақыны есептеу тәртібі, тағайындау және аудару мерзімдері туралы сұрақтар бар.

Атаулы әлеуметтік көмек мәселелері 24 088 өтінішті немесе 4,0% құрады, бұл ретте көп жағдайда кеңестер отбасының жиынтық табысын есептеу және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібін түсіндірумен байланысты.

Мүгедектігі бар тұлғаларға арналған Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы бойынша 12 488 қызмет алушы мен өнім берушілер өтініш жасады, бұл барлық өтініштердің 2,1%-ын құрады. Абоненттер жүгінетін негізгі мәселелер порталда ОТҚ қызметтерін алу және тапсырыс беру тәртібін, қызметтерді жеткізушілерді, жеке көмекшілерді тіркеуді, санаторий-курорттық емдеу алуды, есептілікті ұсыну тәртібін қамтиды.  

 Еңбек қатынастары және жұмыспен қамтуға қатысты 12 089 өтініш (2,0%) келіп түсті.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша кеңестер келіп түскен барлық өтініштердің 0,4%-дан азы немесе 2 462 өтінішті құрады. Байланыс орталығының құзыретіне кірмейтін өзге өтініштер 7,7% немесе     45 994 өтінішті құрады. Әдетте, бұл 1414 Бірыңғай байланыс орталығының мәселелері – тұрғылықты жері бойынша тіркеу, ЭЦҚ, жеке куәлік, паспорт алу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс режимі, салықтар мен айыппұлдарды төлеу, жергілікті бюджеттен төлемдер және т.б.

 

 

Дата публикации
05 июля 2021
Дата обновления
07 июля 2021
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы