«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы ___ _______ Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкімін іске асыру мақсатында әзірленді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мүгедекке ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің жіктеуішін әзірлеу бойынша жаңа құзырет берілді.
Осыған орай, қолданыстағы Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) және Тізбеге өзгерістер енгізілген нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану қажет.