ҚАЗАҚСТАН
«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ
Қарыз № 8490-KZ
Тапсырма атауы: «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының нәтижелерін қорытынды бағалау бойынша консультациялық қызметтер көрсету - ҰЗАРТУ
№ KZSJ-3.2/CQS-04 келісімшарты
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын іске асыру үшін қаржыландыру алды және қаражаттардың бір бөлігін консультациялық қызметтер үшін пайдалануға ниет етуде.
Консультациялық қызметтердің мақсаты жоба көрсеткіштеріне және аралық нәтижелерге қол жеткізуді қамти отырып, бірақ онымен шектелмей, Жобаның мақсатына сәйкес сапалы және тұрақты нәтижелерге қол жеткізу тұрғысынан Жобаны іске асырудың қорытынды бағасын жүргізу болып табылады.
Күтілетін нәтижелер:
Тапсырманың күтілетін ұзақтығы 5 айды құрайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өз мүддесін білдіруге шақырады. Мүдделі консультанттар Қызметтерді орындау үшін тиісті біліктілігі және ұқсас тәжірибесі бар екені туралы ақпарат ұсынуға тиіс.
Іріктеуге арналған критерийлер мынадай болып табылады:
1) Консультанттың:
- зерттеу, талдамалық қызметтер ұсынуда;
- білім беру, кәсіптік оқыту және жұмыспен қамту, өнімділік саласындағы жобаларды/ бағдарламаларды әзірлеуде, іске асыруда, бақылау мен бағалауда;
- ірі, күрделі ұзақ мерзімді жобаларды бақылау және бағалау саласында (12 айдан астам) кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуға тиіс.
Халықаралық жобаларда, әсіресе Дүниежүзілік банктің жобаларында осындай тәжірибенің болуы артықшылық болып табылады.
2) Жобаның нәтижелерін бақылау және бағалау бойынша халықаралық және / немесе ұлттық жобаларға қатысудың кемінде 3 тәжірибесі;
3) Консультациялық қызметтер үшін негізгі персоналды ұсыну.
4) Консультанттар тобының ұйымдық құрылымына жобаны бағалау және/немесе KPI/ BSC\OKR әзірлеу және мониторингтеу саласында тәжірибесі бар білікті мамандар (кеңесшілер, сарапшылар) кіруге тиіс.
Тәжірибе мен құзыреттілікті растау ретінде конкурстық өтінімге орындалған жұмыстардың шарттарын/актілерін/ұсыным хаттарды қоса беру қажет. Консультант суб-консультантты/консультанттарды немесе серіктесті/серіктестерді консорциум мүшелері ретінде тартуға құқылы.
Мүдделілік білдіру кері мекенжайы бар ілеспе хатпен, орындаушының байланыс деректерімен ресімделуге тиіс. Қосымша ретінде консультанттың заңдық мәртебесін құжатталған растамамен ұсыну қажет (мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қажет болған кезде жарғының және т.б. құжаттардың көшірмесін қоса беру). Тәжірибені растау үшін шарттарды, орындалған жұмыстың актілерін, әзірленген бағдарламаларды, сараптамалық қорытындыларды және қажет болған кезде басқа да құжаттарды қоса беру қажет.
Мүдделілік білдіру титулдық беті бар брошюралар түрінде (конкурстық тапсырманы, өтінім беруші компанияны, кері мекенжайын, электрондық поштасын және орындаушының телефонын көрсете отырып) ресімделуі тиіс, берілген өтінімнің мазмұны болуы тиіс, әрбір бет нөмірленіп, тігілуге тиіс. Сондай-ақ, флэш не дискіге тиісті түрде рәсімделген өтінімнің электрондық нұсқасын қоса беру қажет.
Мүдделі консультанттардың назарын мүдделер қақтығысы мәселесінде Дүниежүзілік банктің саясатын реттейтін «Дүниежүзілік банк басшылығы: ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) («Консультанттардың басшылығы») 1.9-параграфына аударамыз.
Консультант Консультанттар Басшылығында көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттардың біліктілігі бойынша іріктеу әдісімен (КБІ) іріктелетін болады.
Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс уақыты кезінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-18.00 сағат аралығында алуға болады.
Мүдделілікті білдіру жазбаша түрде келесі мекенжай бойынша (жеке, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2021 жылғы 15 шілдені қоса алғанда кешіктірмей ұсынылуға тиіс:
«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын басқару тобы (ЖБТ)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мәңгілік ел даңғылы 8, 6-кіреберіс, 837-кабинет
электрондық пошта: kzsj_zakup@enbek.kz
телефон: +7701-921-0419