2021 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті ағымдағы жылдың 2-тоқсанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінде 4 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша Департаменттің функциясының орындалмауы, бөлім туралы ережелердің әзірленуі және бекітілуі, жұмыс жоспарларының және олардың орындалуы туралы есептердің жасалуы, Министрліктің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторының орындалмауы, бюджет қаражаттарының жоспарлануы, еңбекақының есептелуі мен төленуі, іс-сапар шығындарын өтеу бөліктерінде бұзушылықтар анықталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын сақтамауға жол берілген.
Анықталған бұзушылықтардың себебі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын лауазымды тұлғалардың сақтамауы болып табылады.
Қаржылық бұзушылықтардың анықталған сомалардың бір бөлігі өтелді және бухгалтерлік есеп бойынша толық көлемде қалпына келтірілді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объект басшысына ішкі аудит нәтижелері туралы есепке Министрдің шешімі жіберілді және Қазақстан Республикасы заңнамасын одан әрі бұзушылықтарды жою және алдын-алу бойынша ұсынымдар әзірленді.
Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі аудит объекті жұмысының тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті, оның ішінде министрліктің ведомствоішілік бұйрықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.
Аудит объекті бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдады, жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жоспарларын әзірледі.
Департамент объектке ішкі аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетті.