«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің Регламентіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасының нормаларын іске асыру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасы жария талқылау үшін 2020 жылғы 7 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесіне қарау және келісу үшін жіберілді.