Конкурстың негізгі мақсаты өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.
Конкурста үздік еңбек әулеттерін, өндірістің үздік қызметкерлерін анықтауға бағытталған «Еңбек Ардагері» медалі және «Еңбек жолы» конкурсының лауреаттарын марапаттау Қазақстан экономикасының дамуы мен нығаюына қомақты үлес қосқан кәсіби мамандарды құрметтеу өткізіледі.
«Еңбек жолы» байқауы үш номинациядан тұрады: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».
Байқау жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
Конкурстың лауреаты атағына үміткерлер материалдарды ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электронды жеткізгіштерде ұсынады.
Еңбек әулеттерiнiң өкiлдерiн, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлердi сондай-ақ олардың тәлiмгерлерiн Конкурсқа белсендi түрде қатысуға шақырамыз.
«Еңбек жолы» республикалық конкурсы жөнінде толық ақпарат алу үшін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар немесе Еңбек инспекциясы басқармасына және 8 (7172) 74-35-11 телефоны арқылы ҚРЕХӘҚМ Әлеуметтік әріптестік басқармасына хабаласуыңызды сұраймыз.