«Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасы туралы баспасөз релизі
«Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасы Мемлекет басшысының 2021 жылғы 25 ақпанда Мемлекет басшысы жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 13-тармаққа сәйкес (Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын әзірлеу) әзірленді.
Үкімет қаулысының жобасын қабылдаудың мақсаты – өндірістік жарақаттану және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту бағытталған шаралар кешенін әзірлеу.
2021 жылдың 9 сәуірде Үкімет қаулысының жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған. 2021 жылдың 23 сәуіріне дейін өзекті (орналастыру мерзімі 10 жұмыс күні).