2021 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті ағымдағы жылдың 1 тоқсанда «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау ғылыми-зерттеу институты» РМК ЖШҚ-да (бұдан әрі – Кәсіпорын) аудиторлық іс-шара өткізілді.
Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша уақытша еңбекке жарамсыздығы, іссапар шығындары, мүлікті тиімсіз пайдалану бойынша әлеуметтік төлемдерді төлеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау бөлігінде бұзушылықтар бар. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын сақтамауға жол берілген.
Анықталған бұзушылықтардың себебі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын лауазымды тұлғалардың сақтамауы болып табылады.
Қаржылық бұзушылықтардың анықталған сомалары өтелді және бухгалтерлік есеп бойынша толық көлемде қалпына келтірілді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объект басшысына ішкі аудит нәтижелері туралы есепке Министрдің шешімі жіберілді және Қазақстан Республикасы заңнамасын одан әрі бұзушылықтарды жою және алдын-алу бойынша ұсынымдар әзірленді.
Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі аудит объекті жұмысының тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті, оның ішінде министрліктің ведомствоішілік бұйрықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.
Аудит объекті бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдады, жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жоспарларын әзірледі.
Департамент объектке ішкі аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетті.