«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын басқару жөніндегі топқа қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аудармашы вакантты позициясын ауыстыруға арналған конкурс (Нұр-Сұлтан қаласы) - ҰЗАРТУ
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы («Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы) шеңберінде Жобаны басқару жөніндегі тобының қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аудармашы вакантты позициясын ауыстыруға конкурс жариялайды - ҰЗАРТУ.
Үміткердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
1) лингвистика саласындағы жоғары кәсіби білім қазақ тілі, қазақ филологиясы, аударма ісі, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, шет тілінің аудармашысы мамандықтары бойынша немесе балама);
2) орыс және қазақ тілдерін жақсы білу;
3) қазақ/орыс тілдерінің аудармашысы ретінде кемінде 3 жыл жұмысының дәлелденген тәжірибесі;
4) халықаралық ұйымдардағы/елшіліктердегі/дипломатиялық өкілдіктердегі жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады;
5) коммуникативті дағдылар, дұрыс жаза білу;
6) ДК/АТ тәжірибелі пайдаланушы (мәтіндер мен электрондық кестелерді өңдейтін стандарттық бағдарламалық құралдар, оның ішінде Microsoft Project)
7) кеңсе техникасында жұмыс істей білу (көшіру аппараты, сканер және т.б.)
8) Командада жұмыс істей білу, қысқа мерзімдерде.
Жеке консультанттарды іріктеу 2011 жылғы қаңтардағы ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы іріктеу және жалдау жөніндегі Дүниежүзілік банктің нұсқаулығында (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) көрсетілген рәсімдерге сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға және біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық үміткерге 2021 жылғы 28 наурызды қоса алғанда орыс және ағылшын тілдерінде резюмені, таңдалған тапсырмада біліктілікті көрсететін ақпаратты kzsj_zakup@enbek.kz электрондық мекенжайға, хат тақырыбында позицияны міндетті түрде көрсете отырып ұсынуды сұраймыз.