Меню

Страницы

Статья

Бас келісімге қол қою туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

2021 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның (бұдан әрі – РҮК) кезекті отырысы өтті.

Отырыс шеңберінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша әлеуметтік әріптестік тараптарының келісілген ұстанымдарын айқындайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері мен республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған Бас келісімге (бұдан әрі – Бас келісім) қол қойылды.

Бас келісімге төмендегілер қол қойды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Л. Тоғжанов және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Ж. Шәпкенов;

республикалық кәсіподақтар бірлестіктері атынан – ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Т. Дәулеталин, Қазақстан еңбек конфедерациясының бас хатшысы М. Р. Машкенов және «Аманат» ҚКД» РКБ төрағасы А. И. Пригорь;

республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері атынан – ҚР жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) ұлттық конфедерациясының Президенті                               К.К. Байкенов, Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Н.В. Радостовец, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының бас директоры Б.У. Ақшолақов;

Бас келісімнің негізгі мақсаты лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету болып табылады, бұл лайықты төлемі бар толық жұмыспен қамтылған кезде жақсы өндірістік, әлеуметтік-еңбек және қауіпсіз жағдайлардағы жоғары тиімді еңбекті білдіреді.

Бас келісім тараптардың әлеуметтік әріптестік, экономикалық саясат, халықты жұмыспен қамту, лайықты жағдайлар мен еңбекақы төлеу және әлеуметтік саясат сияқты салалардағы негізгі міндеттерін айқындайды.

Дата публикации
16 марта 2021
Дата обновления
16 марта 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы