«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (9-шығарылым) бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (9-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (9-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (9-шығарылым) жобасы кіріспе және электр станциялары мен желілерінің жабдықтарын жөндеу бойынша, электр станциялары мен желілерінің жабдықтарын пайдалану, энергия тұтынушыларына қызмет көрсету бойынша жұмыстарға арналған разрядтар бойынша 72 жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.
БТБА-ның (9-шығарылым) мазмұны Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, мамандықтар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен берілді.
Қолдануға ыңғайлы болу үшін БТБА (9-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткіші (2-қосымша) және 2012 жылғы қолданыстағы (9-шығарылым) БТБА бойынша кәсіптердің атаулары көрсетілген және осы (9-шығарылым) БТБА-да көзделген кәсіптердің атауларының тізбесі (3-қосымша) көрсетілген.
БТБА (9-шығарылым) 2021 жылғы 29 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және 2021 жылғы 28 қаңтарда уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелерінен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамадан оң қорытындылар алынды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
Бұйрық жобасын қабылдауы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды көздемейді.
Анықтама: Бұрын қолданыста болған «Жұмысшылар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (9-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 98-ө-м бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 7597 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті