Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасына Пресс-релиз

 «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында (3.39.4-тармақ - зейнетақы жүйесін жаңғыртуды жеделдету, оның ішінде Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер енгізу арқылы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 61-ө өкімімен бекітілген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру үшін (4-тармақ – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу) әзірленді.

Жобаның мақсаты – зейнет жасында лайықты өмір сүру деңгейі үшін зейнетақы төлемдерінің барабарлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін зейнетақы жүйесін жаңғыртуды көздейтін «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қою.

Атап айтқанда, ең төменгі кепілдіктер жүйесін, бірінші кезекте, 2028 жылдан бастап базалық зейнетақыны ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыға айналдыру арқылы жетілдіру жөніндегі шаралар көзделеді. Ең төменгі кепілді зейнетақыны тағайындау тетігі базалық зейнетақыны тағайындаудың қолданыстағы әдістемесіне негізделеді, бірақ белгілі бір параметрлерді жетілдіре отырып негізделетін болады.

Сонымен қатар жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі 2023 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу болып табылады.

Ұсынылып отырған өзгерістер елдегі және әлемдегі қалыптасып отырған экономикалық жағдайды, әлеуметтік және демографиялық факторларды, сондай-ақ Мемлекет Басшысының зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты берген бірқатар тапсырмаларын толық көлемде ескереді.

Дата публикации
16 февраля 2021
Дата обновления
16 февраля 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы