Баспасөз релизі
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережелерін жетілдіру мақсатында әзірленеді.
Аталған Жарлық жобасы мынадай өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды:
- жергілікті атқарушы органдардың конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау мерзімін өзгерту;
- конкурсқа қатысуға өтінімдер беру тәртібін нақтылау;
- «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бойынша конкурсқа қатысушының өтінім нысанын бекіту;
- конкурс лауреаттары атағын беру жөніндегі комиссия отырыстарының санын нақтылауды алып тастау және басқа да редакциялық түзетулер.
2021 жылғы 1 ақпанда Жарлық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған.