«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығын (55-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2021 жылғы _________ № ____ бұйрығының жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
БТБА (55-шығарылым) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген.
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (55-шығарылымы) кіріспе және баспа процесі, брошюра жасау-беттеу және өңдеу процесі, полиграфиялық өндірісінің (жалпы кәсіптері), полиграфиялық өндірісінің қалып процесі, шрифт өндірістеріндегі жұмыстарға арналған разрядтар бойынша 104 жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қамтиды.
БТБА (55-шығарылым) мазмұны Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, мамандықтар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен берілді.
Қолдануға ыңғайлы болу үшін БТБА (55-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткішпен беріледі (қосымша).
БТБА (55-шығарылым) 2020 жылғы 19 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің оң қорытындысы бар.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
Бұл нормативтік акт мемлекеттік шығындардың ұлғаюын немесе республикалық немесе жергілікті бюджеттердің кірістерінің азаюын көздемейді.
Анықтама: Бұрын қолданыста болған «Жұмысшылар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (55-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 23-ө-м бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 23 қаңтарда № 8296 болып тіркелген.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті