Меню

Страницы

Статья

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығын (40-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы _________ № ____ бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығын (40-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2021 жылғы _________ № ____ бұйрығының жобасына

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

БТБА (40-шығарылым) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген.

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (40-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (40-шығарылымы) кіріспе және құрылыс материалдары өндірісіндегі жұмыстарға арналған разрядтар бойынша 158 жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қамтиды.

БТБА (40-шығарылым) мазмұны Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, мамандықтар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен берілді.

Қолдануға ыңғайлы болу үшін БТБА (40-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткішпен беріледі (қосымша).

БТБА (40-шығарылым) 2020 жылғы 1 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің оң қорытындысы бар.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

Бұл нормативтік акт мемлекеттік шығындардың ұлғаюын немесе республикалық немесе жергілікті бюджеттердің кірістерінің азаюын көздемейді.

Анықтама: Бұрын қолданыста болған «Жұмысшылар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (40-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 81-ө-м бұйрығы  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінде 2012 жылы 7 наурызда № 8362 болып тіркелген.

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті

Дата публикации
27 января 2021
Дата обновления
27 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы