Меню

Страницы

Статья

Бес жылдық кезеңге арналған еңбек нарығын дамытудың Жол картасының жобасын және еңбек және жұмыспен қамту саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша консультациялық қызметтер көрсету.

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ СҰРАУ САЛУ

 

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

 

Тапсырма атауы: Бес жылдық кезеңге арналған еңбек нарығын дамытудың Жол картасының жобасын және еңбек және жұмыспен қамту саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша консультациялық қызметтер көрсету.

 

№: KZSJ-2.1/CQS-07 келісім-шарты

 

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтер үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде.

Консультациялық қызметтердің мақсаты бұл бесжылдық кезеңге арналған еңбек нарығын дамытудың Жол картасының жобасын және еңбек және жұмыспен қамту саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

 

Күтілетін нәтижелер:

1) ұлттық еңбек нарығының тиімділігін және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын талдау;

2) бес жылдық кезеңге арналған еңбек нарығын дамытудың Жол картасының жобасын әзірлеу;

3) еңбек және жұмыспен қамту саласындағы заңнамалық базаға кешенді талдау жүргізу;

4) еңбек және жұмыспен қамту саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 

Тапсырманың күтілетін ұзақтығы 6 айды құрайды.

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады. Мүдделілік білдірген консультанттар қызметтерді орындау үшін тиісті біліктілігі және ұқсас тәжірибесі бар екендігі туралы ақпаратты ұсыну керек.

Іріктеуге арналған критерийлер мынадай болып табылады:

- мемлекеттік басқару және экономикалық саясат, әлеуметтік-еңбек саласындағы стратегиялық және ұйымдастырушылық жоспарлау, талдау және ұсыныстар әзірлеу бойынша консультациялық қызметтер көрсету саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

- мемлекеттік жоспарлау (мемлекеттік / салалық бағдарламалар, стратегиялық жоспарлар, тұжырымдамалар, жол карталары және т.б.) саласындағы құжаттарды әзірлеу және заңнаманы талдау саласындағы кемінде 3 жылдық жұмыс тәжірибесі.

Ұқсас жобалардағы халықаралық тәжірибесі құпталады.

 

Жұмыс тәжірибесі көрсетілген қызметтер сертификаттарының және шарттардың көшірмелерімен расталуы керек. Құпиялылық жағдайында сомалар туралы ақпаратты жариялауға шектеу қойылуы мүмкін. Тапсырыс беруші түпнұсқаларды немесе нотариалды куәландырылған растайтын құжаттарды сұрауға құқылы.

Мүдделілік білдіру кері мекенжайы бар ілеспе хатпен, орындаушының байланыс деректерімен ресімделуге тиіс. Қосымша ретінде консультанттың заңдық мәртебесін құжатталған растамамен ұсыну қажет (мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қажет болған кезде жарғының және т.б. құжаттардың көшірмесін қоса беру). Тәжірибені растау үшін шарттарды, орындалған жұмыстың актілерін, әзірленген бағдарламаларды, сараптамалық қорытындыларды және қажет болған кезде басқа да құжаттарды қоса беру қажет.

Мүдделілік білдіру титулдық беті бар брошюралар түрінде (конкурстық тапсырманы, өтінім беруші компанияны, кері мекенжайын, электрондық поштасын және орындаушының телефонын көрсете отырып) ресімделуі тиіс, берілген өтінімнің мазмұны болуы тиіс, әрбір бет нөмірленуі және тігілуі тиіс. Сондай-ақ, флэш немесе дискіге тиісті түрде ресімделген өтінімнің электрондық нұсқасын қоса беру қажет.

Мүдделі консультанттардың назарын мүдделер қақтығысы мәселесінде Дүниежүзілік банктің саясатын реттейтін «Дүниежүзілік банк басшылығы: ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) («Консультанттардың басшылығы»)  1.9-параграфына аударамыз.

Консультант Консультанттар Басшылығында көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттардың біліктілігі бойынша іріктеу әдісімен (КБІ) іріктелетін болады.

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс уақыты кезінде Нұр-Сұлтан уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуға болады.

Мүдделілік білдіру жазбаша түрде келесі мекен-жай бойынша (жеке, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2021 жылғы 6 акпанды қоса алғанда кешіктірмей ұсынылуы тиіс:

 

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын басқару тобы (ЖБТ)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 6-кіреберіс, 839-кабинет

электрондық пошта: kzsj_zakup@enbek.kz

тел.: +7701-993-2553

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы