«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес құқықтық мониторинг шеңберінде әзірленді.
Аталған бұйрықтың жобасын қабылдаудың мақсаты ескірген құқықтық нормаларды жою үшін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру болып табылады.
Бұйрық жобасы жария талқылау үшін 2020 жылғы 23 желтоқсанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.
2020 жылғы 25 желтоқсанда бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесіне қарау және келісу үшін жіберілді.