Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы IV тоқсандағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 683 бұйрығымен бекітілген 2020 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті 2020 жылдың 4 тоқсанында 3 аудиторлық іс-шара өткізді, оның ішінде:

  • «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ;
  • «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ;
  • «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» РММ.

Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша бөлім туралы ережені әзірлеу, Департаменттің жұмыс жоспарын орындау және оның орындалуы туралы есеп жасау, мүгедектердің әлеуметтік оңалту жөніндегі ОЖЖ орындау, бюджет қаражатын жоспарлау бөліктерінде бұзушылықтар бар, сондай-ақ, іс-сапар шығыстарын өтеу бойынша бұзушылықтар жіберілген. Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталмауы анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың себебі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын лауазымды тұлғалардың сақтамауы болып табылады.

Қаржылық бұзушылықтардың анықталған сомалары бюджетке өтелді және бухгалтерлік есеп бойынша толық көлемде қалпына келтірілді.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудиті объектілерінің басшыларына ішкі аудит нәтижелері туралы есепке Министрдің шешімі жіберілді және Қазақстан Республикасы заңнамасын одан әрі бұзушылықтарды жою және алдын-алу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі аудит объектілері жұмысының тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті, оның ішінде министрліктің ведомствоішілік бұйрықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.

Объектілер бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдады, жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жоспарларын әзірледі.  

Департамент объектілерде ішкі аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.

Дата публикации
25 декабря 2020
Дата обновления
25 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы