«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 323 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына
баспасөз релизі
«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 323 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы (бұдан әрі - Жоба) оралмандарды қабылдау өңірлерінде ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды және қоныстандыруды ынталандыру мақсатында әзірленді.
Жоба оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған белгіленген квотасының мөлшерін ұлғайтуды көздейді.
Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға алып келмейді.
Бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық НҚА бөлігінде орналастырылған.