Компанияларға тізім бойынша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру шеңберінде Сізге Жобаны іске асыру бойынша топ үшін аударма қызметтерін көрсету бойынша баға ұсынысын беруді ұсынады.
- Техникалық ерекшеліктің талаптарына жауап беретін баға ұсынысын беруді және оны қоса берілген нысанға сәйкес құруды сұраймыз. Ұсыныстың жалпы құны Қазақстан Республикасының заңнамасы көздеген барлық салықтар мен төлемдерді қамтуға тиіс. Келісімшарт бойынша келіссөздерге, бағаға сәйкес ең төмен бағаны және тиісті біліктілік талаптарды ұсынған фирма шақырылады.
Әлеуетті жеткізуші мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:
- Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- Басшының қолы қойылған және қажет болған кезде мөрмен расталған баға ұсынысы;
- Техникалық тапсырмада көрсетілген талаптарға сәйкестік бойынша ақпарат
(2-қосымшаға сәйкес).
- Сіздің ұсыныстарыңыз қорытынды ұсыныс алған күннен бастап 45 (қырық бес) күн кезеңінде әрекет етуге тиіс.
- Тапсырыс беруші кез келген баға ұсынысын қабылдау және қабылдамау, сондай-ақ саудаға қатысушылардың алдында ешқандай жауап тартпай-ақ келісімшартты беруге дейін іріктеу процесін тоқтату және кез келген уақытта барлық ұсыныстардан бас тарту құқығын өзінде сақтап қалады.
- Баға ұсынысына фирмалық бланкіде мөрі бар уәкілетті басшы қол қою керек және ол Сатып алу бөлімінің электрондық мекенжайына kzsj_zakup@mail.ru, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын іске асыру бойынша топ,
2020 жылғы 23 желтоқсаннан кешіктірмей жіберілуге тиіс.
- Сізді осы сұрауды алғаныңызды растауды, сондай-ақ бізге сұрауға сәйкес баға ұсынысын беретініңізді хабарлауды сұраймыз.
Басшы ................... К Жолдыбеков