«Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы 2020 жылғы ___ желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – қаулы жобасы).
Қаулы жобасы республикалық және жергілікті бюджет деңгейінде мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға, мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға, кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен, нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, жаңалық телехабарларын сурдоаудармамен трансляциялауды, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарға, арнайы қозғалыс құралдарға (кресло-арбаларға), санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайтуға, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың тізбесін кеңейтуге және Spina bifida диагнозы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бір реттік қолданылатын катетерлерді ұсыну облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қалаларының, астана бюджеттерімен ағымдағы нысаналы трансферттерді 2021 жылы пайдалану тәртібін айқындайды.