«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
баспасөз релизі
«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасында оңалтудың техникалық құралдарының түрлерін, атап айтқанда кресло-арбалар, балдақтар, жетек арбалар, таяқтарды кеңейту көзделеді.
Бұл жүріп-тұру функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін оңалтудың техникалық құралдарының нақты түрін таңдау кезінде мүгедектігі бар адамның өз бетінше тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін де; мүгедектің өмір салты мен дене белсенділігінің ықтимал дәрежесін, оның қарым-қатынасқа, демалыс пен бос уақытты өткізуге қажеттілігін ескеруге мүмкіндік береді.
Жобаны қабылдау мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.