Меню

Страницы

Статья

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына баспасөз релиз

Баспасөз релизі

 

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

2020 жылғы 30 қазанда «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 721 қаулысы қабылданды (бұдан әрі – Қаулы).

Қаулы «Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауын орындау бойынша іс-шаралар жөніндегі» Мемлекет басшысының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау үшін әзірленді.

Қаулымен экономиканың барынша зардап шеккен салаларындағы микро, шағын және орта бизнес субъектілері үшін еңбекке ақы төлеу қорынан бюджеттен тыс қорларға әлеуметтік аударымдарды тоқтату көзделген, бұл жоғарыда аталған бизнес субъектілері үшін қолдау болады.

Осылайша, осы Қаулымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есептеу (есепке жазу) кезінде 2020 жылғы
1 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін «0» түзету коэффициентінің қолдану кезеңі ұзартылады, жеке кәсіпкерлердің өздері үшін (өз пайдасына) төлейтіндерін қоспағанда.

 

Дата публикации
04 ноября 2020
Дата обновления
04 ноября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы