
Нұрмыханова Алма Мұханғалиқызы 1963 жылы 26 шілдеде Алматы облысы Абай ауылында дүниге келген. 1984 жылы І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық университетін математика пәнінің мұғалімі квалификациясымен бітірген. 1995 жылдан 2004 жылға дейін Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп гимназиясында директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-ның директоры қызметін атқаруда.
Алма Мұханғалиқызы қаланың қоғамдық өміріне және көркеюіне белсенді атсалысады. Сонымен қатар ұжымға келген жас мамандарды мемлекеттік қызметтің қыр-сырымен таныстырушы, оларға бағыт-бағдар беруші тәлімгер ретінде таптырмайтын басшы. Ол жас мамандарды қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы әлеуметтік көмектер көрсетуге және оларды үнемі жетілдіріп отыруға баулиды.



Әбішев Бақдаулет Кемпірбайұлы 1973 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1997 жылы әскери есеп столы маманынан бастаған. Қазіргі таңда Созақ ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет атқарады. Жұмысқа жаңадан келген жас мамандарға тәлімгерлік етеді. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады. Учаскелік және округтік сайлау комиссиясының жұмыстарын үйлестіреді. Қызмет еткен жылдар ішінде облыс әкімінің алғыс хатымен, «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Хабдуллина Зәуреш Қинаятқызы 1959 жылы өмірге келген, еңбек жолын 1989 жылы Рудный индустриалдық институтының «Электр техникасы» кафедрасында оқытушылықтан бастаған. Осы институтта аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор болып қызмет атқарған.
Оқу процесінде оқытудың инновациялық әдістерін және жаңа технологияларды кеңінен қолданады, институтта жүзеге асырылып жатқан көптеген жобалардың авторы және бастамашысы болып табылады, кафедра мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Жоғарғы оқу орында қызмет еткен уақыты ішінде Зәуреш Қинаятқызы басшылығымен және тікелей қатысуымен мамандыққа оқытудың басымдылығы мен принциптері анықталып, кадрларды дайындаудың әдістемелік негіздері қалыптастырылған. Зәуреш Қинаятқызы жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде лекциялық және практикалық сабақтар өткізеді.
Ол Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасымен, Тұңғыш Президенттің алғыс хатымен, «ҚР Құрметті білім беру қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Лоос Владимир Владимирович 1975 жылы дүниеге келген, 1992 жылдан бастап Павлодар облысы «Тереңкөл аудандық Калинов жалпы орта білім беретін мектебі» ММ-де дене шынықтыру мұғалімі болып қызмет атқарады.
Владимир Владимирович Лоос өзін біліктілігі жоғары, заманауи және талантты педагог ретінде ғана емес, жастардың бірнеше буынын дене шынықтырудан дайын мұғалім ретінде де тәрбиелеген тәлімгер ретінде де көрсетті. Олардың барлығы қазіргі таңда өздерінің білім беру ұйымдарында сыйлы және сұранысқа ие мамандар болып табылады. Владимир Владимирович үйреткен жас мамандар мен тағылымгерлер және олардың тәрбиеленушілері спорттық жарыстарға, конкурстарға белсенді қатысып, алдыңғы орындарға ие болады.
Білім беруді дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі Бақылау комитетінің алғыс хатымен, басқа да мадақтамалармен көптеген марапаттарға ие болған.

Жұмабекова Бибігүл Мирасқызы еңбек жолын 1999 жылы кейіннен «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» болып өзгертілген Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйі-интернатынан бастаған.
Бибігүл Мирасқызы адам өміріне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, бала күтімі бойынша үздік мамандардың бірі болып табылады. Ол күнделікті өмірде әр баланың өзін ұстауына қарай ерекше балалардың қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Балаларға қамқорлықпен қарайда және оларды өзін-өзі күтуге үйретеді, ал жауабына балалар оны жақсы көреді және «мама» деп атайды. 20 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман ретінде жас мамандармен өзінің білімімен, қабілетімен және біліктілігімен бөліседі. Өзінің адал және қажырлы еңбегі үшін қала әкімінің орынбасары, орталық басшысының алғыс хаттары мен құрмет грамоталарымен марапатталған

Мәулетов Сабырбек Сәметұлы мыс зауыты мыс қорыту цехында балқытушы болып жұмыс жасайды. Өзінің еңбек жолын 1995 жылы Өскемен қорғасын-мырыш зауытындағы қорғасын өндірісі балқыту цехында шахталық пештерін балқыту мамандығынан бастаған. 2010 жылдан бастап «Қазцинк» ЖШС Өскемен металлургия кешенінің мыс зауытында балқытушы болып жұмыс жасайды. «Қазцинк» ЖШС Өскемен металлургия кешенінің мыс зауыты мыс қорыту цехының штаттық тәлімгері, ауысымдық бригадир болып табылады.
Зауытты іске қосуда белсенді түрде қатысқан. Австралияда өндірістік оқудан өтіп, жинақтаған тәжірибесімен жас жұмыскерлермен бөліседі. Маулетов Сабырбек тәлімгерлік еткен көптеген жас мамандар қазіргі таңда кәсіби маман иесі атанды және түрлі зауыттарда ауысым шеберлері болып жұмыс жасайды, сондай-ақ компания басшылығынан мадақтамалар мен марапаттарға ие болған.
Мәулетов Сабырбек Сәметұлы 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, «Қазцинк» ЖШС басшылығынан алғыс хатпен, құрмет грамотасымен, мадақтамалармен марапатталған.

Исаева Майра Төребекқызы 1961 жылы дүниеге келген. Исаева Майра зауыттағы өзінің еңбек жолын 1979 жылғы тамызда техникалық бақылау бөлімінде 2-дәрежелі бақылаушы болып болып бастады, ал 1982 жылғы қазанда оған магнит ұнтақтарының дефектоскопиясының 4-дәрежелі бақылаушысы қызметі берілді.
Майра Төребекқызы зауытта қызмет еткен уақыт аралығында өнімді бақылау саласында үлкен практикалық тәжірибе жинады және біліктілігі жоғары маман ретінде танылады. Ол зауыттағы еңбек еткен жылдары аралығында басқа қызметкерлерге, оның ішінде қайта келген адамдарды кәсіби оқытып және оларға өзінің бай тәжірибесін беретін жастардың тұрақты тәлімгері болып табылады.
М.Т. Исаеваның барлық еңбек еткен жылдары аралығында 1993 жылы «Зауыттың кадр қызметкері» атағы берілді, ал 2016 жылы «Өз маманының үздігі» зауыттық конкурсында жеңімпаз атанып, мадақтау қағазымен марапатталған. Майра Төребекқызы өзінің ұжымында құрметке ие жан.

Ежібаев Даулет Октябрьевич 1995 жылдан бастап еңбек жолын ауа айыру қондырғысы аппаратшысы болып жұмыс жасайды. Технологиялық ауысымға бригадир болып бекітілген.
Даулет Октябрьевич жұмыс жасаған жылдары аралығында өзін сауатты, еңбекқор қызметкер ретінде көрсетті. Өзінің еңбекқорлығымен және жұмысты адал атқаратын қаситімен ұжымда құрметке ие болды. Барлық жөндеу, ауа айыру қондырғыларын іске қосу және жөндеу жұмыстарына белсенді қатысады. Үнемі өзінің кәсіби білімін арттырып отырады, оттегі өндіру технологиясын толық меңгерген. Жас қызметкерлермен өзінің кәсіби дағдыларымен бөліседі.
Кәсіпорынның қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысады және Бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы болып табылады. Бірнеше рет құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған. 2013 жылы «Металлургтер» күніне орай «Kazakhmys Smelting» ЖШС-ның даңқ галереясына Өндіріс озаты ретінде ұсынылған.

Ибраев Рахманберді Ханқожаұлы 1959 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 1983 жылы «Суретші-безендіруші» мамандығы бойынша Ә. Қастеев атындағы Көркемсурет училищесін, 2006 жылы «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін бітірген. Түрлі жылдары кітапхана жүйесінде, мәдениет үйінде суретші-безендіруші болып қызмет атқарған. 2009 жылдан бастап Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде суретші болып қызмет атқаруда.
Рахманберді Ханқожаұлы Шиелі ауданы (эмблемасы) төлтаңбасының авторы. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігің «ҚР Мәдениет қайраткері» куәлігімен марапатталған. Шәкірттері бейнелеу өнерінен түрлі жетістіктерге үшін алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталған.

Оспанова Нұрсұлу Идеятқызы 1967 жылы 19 сәуірде Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. 1989 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1989-1993 жылдар аралығында КазНИПИнефть жобалау институтында, облыстық экономикалық комитетінде қызмет етіп, 1993 жылы «Ембімұнай-газ» АҚ-на қарасты «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына «Жаңаталап» кен орына мұнай өндіру операторлығына қабылданған. Өз ісіне деген жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігін ескере отырып, басқарма басшылығы 1994-1997, 2008-2016 жылдар аралығында Оңтүстік Батыс Қамысты, Жаңаталап және Забурын кен орындарында геолог қызметіне тағайындады. Нұрсұлу Идеятқызы 1997-2008 жылдар аралығында өндірістік-техникалық бөліміндегі кәсіби шеберлігін шыңдады және басқармадағы жалпы өндірістік жағдайымен толық танысып шыққан. 2016 жылдан бастап күні бүгінге дейін басқарма аппараты Геология және мұнай-газ кен орындарын игеру бөлімі бастығының орынбасары лауазымын атқарып келеді.
Еңбек өнімділігі мен жұмыс сапасын арттыру бойынша бастамаларды қолдап, өзінің тәжірибелерімен және білімімен жас мамандармен бөлісіп отырады, тәлімгерлікпен айналысады. Бірнеше рет «Ембімұнайгаз» АҚ-ның алғыс хатымен марапатталған.

Байтаңатов Әдебиет Садықұлы – «Астана – Өңірлік Электржелілік Компаниясы» АҚ Алматы аудандық электрлік желілерінің 1-санатты инженері. 1989 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын «Ауыл шарушылығын электрлендіру» мамандығы бойынша бітірген. 1981 жылдан бастап 1995 жылға дейін Целиноград құрылыс-монтаж басқармасында слесарь-монтаждаушы қызметінде еңбек еткен. 1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Астана – ӨЭК» АҚ -да жұмыс жасайды.
Оның жұмысы Алматы ауданы электр желілерінің техникалық құжаттамаларын жүргізуді қамтиды. Өзінің тәжірибесімен онымен бірге жұмыс жасайтын жас буындармен бөлісуге тырысады.
2011 жылы Қазақстан Энергетикалық Ассоциациясының құрметті грамотасымен, 2017 жылы EXPO-ға қосқан үлесі үшін кәсіпорын басшысының алғыс хатымен марапатталып, 2018 жылы ҚЭА-ның Еңбегін сіңірген энергетигі атағына ие болған.

Молдатаева Айтолқын Тұрғынбайқызы 1972 жылы туылған, Алматы политехникалық университетінде «Іс-қағаздарды жүргізуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1991 жылы Тараз қаласындағы №2 қалалық перзентханада кадр жөніндегі инспектор болып бастаған. 2019 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм басқармасында іс-қағаздар жүргізу инспекторы болып қызмет атқарады.
Ол кадрларды басқару, мемлекеттік органдармен өзара қимыл, кадрлармен тікелей жұмыс аясы сияқты функционалды қызметтерді атқарады. Айтолқын Тұрғынбайқызы жақсы және лайықты маман ретінде еңбек етуге тырысады және өзінің тәжірибесімен, білілімімен, шеберліктерімен және дағдыларымен бөлісіп отырады.
Адал еңбегі және жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталған.

Рүстемов Ескендір Өктемұлы 1961 жылы дүниеге келген, «Шымкентцемент» АҚ-да ауысым басшысы. Ескендір Өктемұлы өзінің еңбек жолын 1979 жылы столяр ретінде бастаған. 1986 жылға дейін машинисттің көмекшісі, айналмалы пеш машинисті болып жұмыс жасаған. 1991-1998 жылдары пеш машинисті, сондай-ақ ауысым ұстасы қызметтерін қатар алып жүрді. 2015 жылдан 2019 жылға дейін инженер-технолог қызметін атқарды. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін ауысым басшысы болып табылады.
Ескендір Өктемұлы зауыт ардагері болып табылады және Кеңес уақытында алған тәлімгерлік қызметін жалғастыруда.
Қызмет еткен уақыт ішінде зауыттың пен кәсіподақтың мадақтамалары мен наградаларына, сондай-ақ қауіпсіз еңбекті ұйымдастырғаны үшін үздік қызметкер номинациясына ие болды. «Шымкентцемент» АҚ Бас директоры және Шымкент қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Әмірхан Рашитұлы Сафарғалиев 1963 жылы туған. Есеп-экономикалық техникумын техник-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылдан бастап «Стройкомпания» ЖШС-де ағаш шебері болып жұмыс істейді. Өзінің өндірістік қызметін жүргізуші болып бастаған.
«Стройкомпания» ЖШС жұмыс уақытында өз жұмысының технологиясын жетік меңгерген. Жеке кәсіби дайындықты жетілдіруде жүйелі түрде жұмыс істейді, жаңа білімді табандылықты меңгереді. Алған дағдылары мен білімін күнделікті өмірде шебер қолданады. Әмірхан Рашитұлы үнемі өзінің кәсіби деңгейін жетілдіріп отырады: арнайы әдебиеттерді оқиды, лауазымдық міндеттерін орындауға аса жауапкершілікпен қарайды. Кәсіпорын басшылығы Әмірхан Рашитұлының кәсіби дамуына үнемі көңіл бөліп, бірнеше ондаған жас мамандарды кәсіби қызмет дағдыларына үйретті.
Жұмыс барысында өзін ұқыпты, жақсы ұйымдастырушылық қабілеті бар адал маман ретінде көрсетті.

Алибжанов Саламат Мырзашұлы өзінің еңбек жолын кәсіпорында 1992 жылы 1-разрядты блоктарды жинаушыдан, 1-разрядты столярдан, ағаш шеберінен бастаған және «Трансэнерго» АҚ жөндеу-құрылыс қызметінің бастығына дейін ұзақ еңбек жолынан өтті.
40 жылға жуық жұмысын кезеңінде ол бірнеше мамандарды оқытқан. Бүгінгі күні Саламат Мырзашевич тек сауатты маман емес, өз саласының білікті қызметкері, өз ісінің маманы, мұғалім және жас мамандардың тәлімгері болып табылады. Өзінің еңбек қызметінің әрбір кезеңінде Саламат Мырзашұлы өзін жоғары білікті және сауатты маман ретінде танытады, ол дұрыс шешім қабылдай алады, бұл цех ұжымына өндірістік тапсырмаларды табысты орындауға мүмкіндік береді. Қазір ол өз тәжірибесімен, білімдерімен, шеберліктерімен және дағдыларымен бөліседі, өзінің тәлімгерлік қызметінің барлық кезеңінде Саламат Мырзашұлы 1000-нан астам жас мамандарды оқытып, олардың көпшілігі қазіргі уақытта аға өндірістік шеберден цех басшысына дейін қызмет атқарады.
Адал еңбегі және өз жұмысының жоғары нәтижелері үшін, отын-энергетика саласында білікті кадрларды даярлауға белсенді қатысқаны үшін 2017 жылы Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталды, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 2016 жылы «Трансэнерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ж. Баирхановтан алғыс хат алды.