Атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын
10 сұрақ
Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы мұқтаждық белгісінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем.
Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.
Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлем түрінде аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға кім үміткер бола алады?
Жан басына шаққандағы орташа табысы мұқтаждық белгісі аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар.
Шартсыз ақшалай көмек:
1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына; 1 немесе 2-топтағы мүгедектігіне; екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға;
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
3) Атаулы әлеуметтік көмектің аз қамтылған отбасыларды қолдаудың қазіргі уақытта қолданыстағы бағдарламаларынан айырмашылығы
Жаңа форматтағы АӘК пайда болғанға дейін әлеуметтік көмектің кез-келген түріне жүгіну процесі қайталанатын үш қадамнан тұратын циклмен шектелетін: өтініш беру – заңдылықты анықтау – ақшалай көмекті тағайындау және төлеу. Жәрдемақы тағайындалғаннан кейін өтініш беруші үш айға жоғалатын – келесі өтінішін бергенге дейін, ал көмекті тағайындаған маман ол туралы «ұмытатын». Әрине, өтініш берушіге жұмысқа орналасу ұсынылатын, бірақ отбасының басқа мүшелері бұл процеске қатыспайтын.
Жаңа форматтағы АӘК-тің қолданыстағы бағдарламалардан негізгі айырмашылығы – бұл отбасының жекеленген қажеттіліктеріне бағытталған кешенді тәсіл.
Әлеуметтік қорғау практикасында алғаш рет жұмысты өтініш беру ғана емес, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің барлығымен жүргізеді. Оған қоса, алғаш рет жүгінген кезінен бастап отбасымен бір адам жұмыс істейді. Бұл ретте әлеуметтік қорғау органы мен көмек алушының өзара әрекеттесуінің жаңа практикасы қалыптасады.
4) Күнкөріс деңгейінің шамасы дегеніміз не?
Күнкөріс деңгейі - құрамына адамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түліктің, тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы кіретін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің заттай және бағалық құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. Ол мыналардан тұрады:
1) азық-түлік себеті (күнкөріс деңгейінің 55%-ы).
Күнкөріс деңгейінің азық-түлік себетінің құрамына
2175 килокалорийге тең тәуліктік қуатты қамтамасыз ететін азық-түлік тауарларының 43 түрі кіреді.
2) Азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге шығыстардың белгіленген үлесі (ең төмен күнкөріс деңгейінің 45%-ы).
5) Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің критерийі қандай?
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің критерийі күнкөріс деңгейіне немесе мұқтаждық белгісіне белгіленген шектеу болып табылады.
Мұқтаждық белгісі – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгiленетiн, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы
Қазақстан Республикасы бойынша мұқтаждық белгісінің мөлшерін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде, орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептеп шығарады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында:
1) жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын кедейлік шегі;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кірістері кедейлік шегінен төмен халық үлесі туралы мәліметтерді жариялайды.
6) Атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін қай жерге жүгіну қажет?
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына не Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.
Егер отбасы ауылдық жерде тұрса - кент ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне.
7) Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қаңдай құжаттар қажет?
Өтініш беру және сәйкестендіру үшін жеке куәлікті ұсыну қажет. Басқа құжаттарды ұсыну қажет етпейді.
8) Жәрдемақының толық мөлшерін алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе?
Жоқ, міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес. Мысалы, отбасы құжаттарын уәкілетті органға 20 сәуірде тапсырған жағдайда төлемнің көлемі толық айға төленетін болады.
9) АӘК алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша пропискасы болу қажет пе?
Ия, қажет. Қолданыстағы заңнама сәйкес барлық отбасының жиынтық табыстарын есптеген кезде тұрғылықты мекен-жайы бойынша прописка міндетті шарт болып табылады
10) Ассистенттер мен консультанттар деген кімдер?
Жұмыспен қамту орталықтарының штатына ассистенттер мен консультанттарды енгізу атаулы әлеуметтік көмекті реформалаудағы маңызды жаңалық болып табылады.
Ассистенттер мен консультанттар жәрдемақы алатын адамдарға қолдау көрсетеді, жұмыс іздеуде жәрдемдеседі, әлеуметтік бейімдеу бойынша қажетті қызметтер кешенін қамтамасыз етеді және жәрдемақы алатын адамдардың міндеттемелерді орындауын бақылайды.
Кедей отбасындағы жағдайға жеке тәсіл қолдану, әрбір нақты жағдайда бейімдеудің нақты бағыттарын әзірлеу жүйені жаңғыртудың нәтижесі болады.
Ассистент – халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу жөніндегі функцияларды орындайтын қызметкері.
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасыға) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері.
11) Бірыңғай әлеуметтік топтама дегеніміз не? Ол кімге көрсетіледі?
2019 жылғы 30 желтоқоқсандағы № 1032 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес аз қамтылған отбасыларға қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді.
Топтама келесіні құрайды:
- бір жастан үш жасқа дейінгі балалар үшін: азық-түлік жиынтығы және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы
- мектеп жасындағы балалар үшінмектепте бір реттік ыстық тамақ, мектеп формасы және мектеп-жазу керек-жарақтарының жинақтары, сондай-ақ тасымалдау көлігінде шығындарды өтеу.
Бұл ретте бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі көмек түрлері мен көлемдері бойынша медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек ұсынылады.