Меню

Страницы

Статья

«ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК 2019 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша ақпарат

1.Ғылыми-зерттеу қызметі.

 «ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға, еңбек заңнамасын жетілдіруге, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алуға, ұлттық қауіпсіз еңбек мәдениетін дамытуға жәрдемдесуге және еңбек ресурстарын сақтауға бағытталған ғылыми зерттеулерді жүргізумен айналысады.

2019 жылы «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК, экономиканың әр түрлі салаларының, меншік нысандары мен көлемділігінің 20 пилоттық кәсіпорындарында ЕҚБЖ жобасын апробациялау мен алдын ала енгізуден тұратын «Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» Ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде зерттеудің екінші кезеңі бойынша жұмыс жүргізді (2018-2020 жж.). Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде әзірленді:

- кәсіпорынның өлшеміне байланысты сараланған (50 адамға дейін және 50 адамнан астам) кәсіби тәуекелді басқару негізінде біріктіріліген ЕҚБЖ енгізу Әдістемесі мен Жоспары;

- «Кәсіби тәуекелдерді басқару негізінде біріктіріліген ЕҚБЖ енгізу» біліктілігін арттыру бойынша оқу бағдарламасы;

- кәсіпорындарда практикалық семинарлар өткізу үшін бейімделген Оқу жоспары.

ЕҚБЖ енгізу бойынша практикалық семинарлар өткізілді. 20 пилоттық кәсіпорындардың әрқайсысының жағдайына бейімделген ЕҚБЖ құжаттары дайындалды.

Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп «МҒТС ҰО» АҚ-да тіркеуден өтті, есепті ресімдеудің мемлекеттік талаптарға сәйкестігін растайтын және Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге мүмкіндік беретін түгендеме нөмірі (№ 0219РК00315) берілді. Сараптама нәтижелері бойынша есепке жоғары балл (22,01) берілді. ҰҒК-тің 2020 жылға арналған қаржыландыру ұсынымдары мен есебін мақұлдау туралы шешімі бар.

Біз жүргізген ғылыми зерттеулер бұзушылықтарды жоюға, еңбек жағдайларын жақсартуға, өндірістегі жарақаттануды төмендету бойынша тиімді шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

 

  1. Ғылыми зерттеу нәтижелерін насихаттау.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін насихаттау ғылыми қызметтің міндеттерінің бірі болып табылады. 2019 жылы Институттың ғылыми қызметкерлері алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда, сондай-ақ салалық журналдарда зерттеу бағыты бойынша   90 ғылыми мақала жариялады. Авторлық құқықпен қорғалатын 3 объектіге куәлік алынды (Үлгілік ереже, Енгізу әдістемесі және Оқу бағдарламасы). Республикадағы еңбекті қорғауды басқаруды реттеу мәселелері және дамыту перспективалары туралы монография басып шығарылды. Институт қызметкерлері Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндама жасады, олардың ішінде:

- Әлеуметтік қамтамасыз етудегі қызмет көрсету сапасы және АКТ бойынша халықаралық интерактивті семинар. Мәскеу қ., Ресей;

- Кәсіби және экологиялық аурулар бойынша 3 - ші Халықаралық конгресс. Анталья қ., Түркия;

- V Бүкілресейлік еңбекті қорғау апталығы 2019, Сочи қ., Ресей;

- Қауіпсіздік, еңбек гигиенасы және қоршаған орта саласындағы биологиялық мониторинг бойынша 11-ші Халықаралық симпозиум, Левен қ., Бельгия;

- «Тәуекелдерге жол жоқ» денсаулық пен қауіпсіздіктің ғылыми-практикалық форумы. Мәскеу қ., Ресей;

- «Орынбор – Еуразия жүрегі» халықаралық форумы, Орынбор қ., Ресей;

– «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау-2019» халықаралық форумы мен көрмесі, Мәскеу қ., Ресей;

- KIOSH 2019 Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша                         9-шы Қазақстандық халықаралық конференция және көрме;

- «Көліктегі инновациялық технологиялар: білім беру, ғылым, тәжірибе» ХLIII халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, Алматы қ.;

- «Қауіпсіз кәсіпорын – салауатты қызметкер» атты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы, Нұр-Сұлтан қ. және т.б.

2019 жыл «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жарияланды, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жүргізген «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық компаниясы аясында Институт қалаларда (Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Алматы) жүргізілген «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбына 4 топтық өңірлік семинарға қатысты.

Қазақстан Республикасында 2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттану мен зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын төмендету бойынша жол картасы аясында Институт «Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуде жаңа тәсілдерді әзірлеу және енгізу» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция барысында ЕҚРҒЗИ әзірлеген «Кәсіби тәуекелдерді басқару» ААЖ-ін кәсіпорында кәсіби тәуекелдерді автоматтандырылған бағалауды енгізу бойынша семинар-практикум өткізілді.

2019 жылы Институт жаңа серіктестермен маңызды келісімдерге қол қойды:

- ЕҚРҒЗИ мен Түркия отбасы істері, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрлігінің Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер институты арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумы, бірлескен жобаларды қалыптастыру жолымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бірлескен өзара тиімді ғылыми қызмет туралы.

- Орынбор облысының Еңбек және халықты жұмыспен қамту министрлігі мен «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК арасындағы еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы, еңбекті қорғау саласындағы өзекті міндеттерді шешуде, оның ішінде өндірістік жарақаттануды қысқарту бойынша перспективалы екі жақты өзара іс-қимыл туралы келісім.

Тұрақты негізде Институт Еңбек министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының көрме павильонын және конференцияның ғылыми сессиясын ұйымдастырушы бола отырып, жыл сайынғы KIOSH еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық конференция мен көрмені ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.

Жариялау және ғылыми іс-шараларға қатысу арқылы Институт алдыңғы қатарлы отандық тәжірибені жариялаудан және басқа елдерде әзірленетін және енгізілетін инновациялармен танысудан тұратын ғылым міндеттерін жүзеге асырады.

  1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту.

2019 жылы Еңбекті қорғау қызметкерлеріне оқыту мен ғылыми-практикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру басқармасы мен ЕҚРҒЗИ облыстық филиалдары                     5 371 кәсіпорын мен ұйымдардың басшылары мен мамандарына оқыту жүргізді.

Оқыту шеңберінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігі мен электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды, өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, нормативтік құқықтық базаға талдау жүргізілді. Оқу курсын аяқтағаннан кейін және білімін тексеру емтихандарын тапсырғаннан кейін тыңдаушыларға Қазақстанның барлық аумағында жарамды тиісті сертификаттар мен белгіленген үлгідегі куәліктер табыс етілді.

  1. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау

Институт қызметінің бір бағыты өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды және еңбек жағдайларына өндірістік бақылауды жүргізу және жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі қызметінің қажетті элементі болып табылады.

2019 жылы республиканың 320 кәсіпорнында 10398 жұмыс орны тексерілді. Жұмыс орындарын зерттеу нәтижелері ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде пайдаланылады. Еңбек жағдайларын бағалауға тікелей қатысу зиянды өндірістік факторларды анықтау және бағалау әдістері мен үдерістерін, арнайы ұйымдарға қойылатын талаптарды жетілдіру, жұмыс орындарында, сондай-ақ сақтандыру жүйелерінде тәуекелдерді басқару мақсатында нәтижелерді және оларды пайдалану жолдарын талдау бойынша ұсыныстарды әзірлеуге, қызметкерлерге жеңілдіктер мен өтемақылар беруге мүмкіндік береді.

Дата публикации
17 января 2020
Дата обновления
17 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы