Меню

Страницы

Статья

«Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы №73-ө бұйрығына өзгеріс енгізу

«Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан  Республикасы Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы  №73-ө бұйрығына өзгеріс енгізу және Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне  тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы конвенцияға сәйкес Балалар еңбегінің ең жаман түрлерін жою жөніндегі 2020–2022 жылдарға арналғаніс-шаралар  жоспарын бекіту туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 73-ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес2002 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы конвенцияға (№182-конвенция) сәйкес Балалар еңбегінің ең жамантүрлерін жою жөніндегі 2020– 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А. Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                                             Б.Сапарбаев

Дата публикации
16 января 2020
Дата обновления
16 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы