Меню

Страницы

Статья

2019 жылғы 25 қыркүйектегі Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысының хаттамасы

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар еңбегін пайдалану саласында жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы; «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-нің Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрес саласындағы оң тәжірибесі туралы; «Қамқорлық» дағдарыс орталығының балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне балама ретінде жасөспірімдер арасындағы еріктілік туралы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен қабылданып жатқан шаралар бойынша ақпараты назарға алынсын.

2. Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне:

- Үйлестіру кеңесінің хатшысына Министрліктің сайтында «балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күрес» айдарында орналастыру үшін материалдар мен баяндамаларды жіберу;

- балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрес мәселелерін ілгерілету бойынша ұсыныстар жіберу (2019 жылғы 2 қазанға дейін);

- қажет болған жағдайда балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу.

2.1. Жергілікті атқарушы органдарға (білім басқармалары, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармалары):

- балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрес жөніндегі жоспардың орындалуын қамтамасыз ету (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 14 тамыз 2019 жылғы №428 бұйрығымен бекітілген);

- министрлік сайтына орналастыру үшін өңірлерде балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрес мәселесін ілгерілету үшін жауапты тұлғаларды (әрбір саладағы басқарма басшыларының орынбасарынан төмен емес) анықтау (осы адамдардың байланыстарын жіберу) (2019 жылдың 2 қазанына дейін).

Дата публикации
16 января 2020
Дата обновления
16 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы