

Әулет басшысы Жабықбаев Дүйсен Зұлпыхарұлы мәдениет, білім, ішкі саясат салаларында мемлекеттік қызметте басшылық қызметтер атқарған.
2003-2012 жылдары Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың Үшінші және Төртінші шақырылымы бойынша депутаты болған. 2005 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР-ның білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін» алғыс хатымен және 2009 жылы «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталған. 2005 және 2012 жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хаттарымен марапатталған. 2008 жылдан бері Т.Рысқұлов ауданының «Құрметті азаматы». 2015 жылдан бастап Т.Рысқұлов аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі. Әлі күнге дейін қоғамдық-саяси іс-шараларға белсенді араласып тұрады. Қазіргі таңда зейнеткер.
Қызы Жабықбаева Айгүл Дүйсенқызы Қазақстан Ресубликасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының бас сарапшысы.
Кіші ұлы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасында бөлім басшысы болып қызмет атқарады. Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі. Жомарттың жары да мемлекеттік қызметте – Жамбыл облысы Білім басқармасында маман болып жұмыс жасайды.

Ізбасовтар әулетінің басшысы Ізбасов Айтқали 1929 жылы туған, ол 23 жасында зауыттың №1 балқыту цехына балқытушы болып бастаған, зауытта 36 жыл еңбек еткен соң құрмет демалысына шықты. Ұлы Отан соғысы жылдары фашизмді жеңуде Отан үшін еңбек еткен және тыл еңбеккері болып табылады.
Айтқали Ізбасовтың үлкен мақтанышы-оның ұлдары Қуанышбай Айтқалиұлы 1958 жылы туған және 1963 жылы туған Жанилбек Айтқалиұлы, әкенің жолын қуып, қазіргі таңда олар зауытта ферроқорытпа балқыту орындарында жұмыс істейді.
Өз ісі мен металлург кәсібіне деген адалдық осы зауытта ферроқорытпаларды балқытушы болып еңбек ететін әулеттің үшінші ұрпағы Әлібек Жәнилбекұлы мен Серік Қуанышбайұлына де берілген. Айтқали Ізбасовтың ұлдары мен немерелері өздерінің жанкештілігі және жемісті еңбегімен «Қазхром «ТҰК» АҚ-ның дамуына зор үлесін қосып келеді.
Әулет мүшелеріне өздерінің еңбекқорлығы, шеберлігі, тапсырылған іс үшін жауапкершілігі үшін бірнеше рет алғыс жарияланды, бірнеше рет мерейтойлық медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Ізбасовтардың еңбек әулеті зауыттың қоғамдық өміріне белсене қатысады, әулеттің мүшелері жастардың кәсіби бағдарына жәрдемдеседі, өз мамандығын, еңбекке, еңбек адамына құрметпен қарауды насихаттайды және өз еңбегі үшін шын жүректен, құрмет пен зор алғыс айтуға лайық.
Ізбасовтар әулеті зауыттың еңбек ұжымы арасында жоғары беделге, сенім мен құрметке ие.

Әулет басшысы Қарсыбеков Бектен 1962-1967 жж аралығында Алматы «Гидромет» мектебін және Ташкент гидрометерологиялық техникумын техник-агрометеролог мамандығы бойынша бітірген. Ол 1960 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Балқаш ауданы, Көктал ауылы аймағында ҚазССР Гидрометерологиялық басқармасына карасты №4 метеостанциясында радистік көмекші болып жұмыс істеген. Қарсыбеков Бектен зейнетке шыққанша осы №4 метеостанциясында басшылық қызмет атқарған.
Еңбек еткен жылдар аралығында өз саласының үздігі атанып, түрлі наградаларға ие болған. Аталған метеостанцияда Қарсыбеков Бектеннің үш ұлы және екі келіні әкесінің ізімен осы салада жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда үлкен ұлы Қарсыбеков Айдар Бектенұлы 1991 жылдан бері метеостанцияда еңбек етеді. 2007 жылы осы метеостанцияның басшысы болып тағайындалды. Екінші ұлы Қарсыбеков Ербол Бектенұлы 1995 жылдан бастап метеостанцияда 2-категориялы техник қызметін атқарады. Үшінші ұлы Қарсыбеков Ғалым Бектенұлы және екі келіні: Керімқұлова Ләззат пен Әмірбекова Мейрамкүл осы метеостанцияда метеролог болып жұмыс жасайды.

Әулет басшысы Сергей Дмитриевич Лысоченко 1990 жылы өнер институтын бітіргеннен кейін Комсомол Балалар өнер мектебінің директоры болып тағайындалып, қазіргі уақытқа дейін әкімшілік және педагогикалық қызметті қатар алып жүр. Оның басты бағыты халықтық балалар орындауын сақтау және дамыту болып табылады. Сергей Дмитриевич Елбасының алғыс хатымен, құрмет грамоталарымен және мерекелік медальдермен марапатталған.
Жары Елена Владимировна өнер мектебінде 1983 жылдан бастап музыка теориясынан мұғалім болып жұмыс жасайды. Оның сабақтары дәстүрлі емес, қызық және олар үшін әлеуметтік маңызды тақырыптарды талқылай отырып, оқушылар алдына проблемалық мәселелерді қояды.
Қызы Пинженина Юлия Сергеевна ата-анасының жолымен келеді және хореографиядан талантты мұғалім болып табылады. Юлия Сергеевнаның шәкірттері ауданда өткізілетін түрлі мерекелік шараларға белсенді қатысады, сондай-ақ түрлі облыстық, халықаралық конкурс-фестивальдердің жүлдегерлері болып табылады. Олар орыс халықтық аспаптар оркестрін және «Забытые мелодии» ұстаздар ансамблін құрған.

Әулет басшысы Жұмағалиев Жолғали 1931 жылы Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын мұғалім болып бастап, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі және Индер ауданындағы №8 ПТУ-дің директоры қызметін атқарған. 1985 жылы өмірден озған.
Жұбайы Габдуллина Ғайни – Атырау облысының, ауданның құрметті азаматы, жоғары білімді педагог-әдіскер, аға мұғалім, жазушы, Қазақ ССР білім беру үздігі. Индер мұғалімдері мен оқушылары энциклопедиясының және «Отқа оранған балалық шақ», «Егеменді еліміздің елеулі ұстаздары», «Отанға жеңіспен оралғандар» және т.б. кітаптардың авторы. Бүгінде құрметті демалыста. Өсірген балалары мен немерелері де ата-анасының ізімен ұстаздық қызметін атқаруда. Ұлы Жұмағали Арман Жолғалиұлы Индер ауданындағы көпбейінді ауыл шаруашылық колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты мұғалім. Қызы Исказиева Ләззат Жолғалиқызы мектепте «қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті» мұғалімі. Келіні Жұмағалиева Алма Сұлташқызы жоғары санатты орыс тілі пәнінің мұғалімі.Бүгінде немерелері Жолғалиева Гулфайруз – орыс тілі мен әдебиет, Жұмағалиева Жанар – ағылшын тілі пәнінен мұғалім болып қызмет атқаруда, Жолғалиева Гүлдана – «Экология және БЖД» кафедрасының аға мұғалімі болып қызмет атқарған.

Әулет басшысы Оспанов Хамит Шүлембайұлы еңбек жолын 1922 жылы Семей қаласында бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 1942-1952 жылдары Қостанай облысындағы балалар үйінің директоры қызметін атқарған.
Жұбайы Оспанова Саруар Дүйсенбекқызы 1932 жылдан 1952 жылға дейін мұғалім болып еңбек еткен.
Қызы Оспанова Малика Хамитқызы Шарбақты ауданындағы Галкин мектебінде бастауыш сыныбының мұғалімі болып жұмыс жасаған. Ұлттық білім беру министрлігінің, кәсіподақтардың облыстық комитетінің, КазССР облыстық комитетінің көптеген грамоталарымен, «Материнства 2 степени» медалімен марапатталған. 1975 жылы республикалық ұстаздар съездінің делегаты болып сайланған.
Күйеу баласы Ахмадиев Қазыбек Жұмабекұлы өзінің еңбек жолын 1952 жылы Шарбақты ауданындағы Александров орта мектебінің математика мұғалімі болып бастаған. 1986-1989 жылдары Ермаков ауданының ОКТУ-дің Ертістегі филиалының меңгерушісі болған. Қазыбек Жұмабекұлы адал еңбегі үшін «Отличник народного просвещения Каз ССР» белгісімен, «Знак почёта» Орденімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Немерелері: Сламбекова (Ахмадиева) Майгүл Қазыбекқызы – орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі және оқу ісі жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарады, Рамазанова (Ахмадиева) Баян Қазыбекқызы жоғары категориялы математика мұғалімі.
Шөбересі Жандильдинова (Ахмадиева) Шолпан Мейрамқызы Ақсу қаласындағы №24 балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасаған.

Елеусінова Алма Болатқызы 1969 жылғы 16 қарашада БҚО-да дүниеге келген. Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы АММИ-ды стоматология мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылдан 1998 жылға дейін БҚО Ақсай қаласының аудандық ауруханасында жалпы практика стоматолог-дәрігері болып, 1998-2004 жылдар аралығында аудандық стоматолог болып қызмет атқарған. 2007 жылдан бастап Ақсай қаласындағы «Елеусінова» ЖК жеке стоматологиялық клиникасының басшысы.
Үлкен ұлы Елеусінов Аслан Арманұлы 27.08.1989 жылы туылған, 2013 жылы «Мақсат» Орал медициналық колледжін тәмамдаған. 2014 жылдан бастап «Елеусінова» ЖК жеке стоматологиялық клиникасында дентист болып жұмыс жасайды.
Кіші ұлы Айболатов Алмат Арманұлы 21.08.1992 жылы дүниеге келген, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің түлегі. 2017 жылдан бастап стоматолог-дәрігері болып қызмет атқарады.

Ізтілеуова Айымхан Әбілдақызы 1971 жылы ОҚО-да туылған. 1989 жылы «Жетісай мәдени-ағарту» училищесін «Мәдени-ағарту жұмысы» бойынша бітірген. Ол өзінің еңбек жолын 1990 жылы Аудандық Мәдениет үйінде үйірме жетекшісі болып бастаған, 2010 жылдан бастап Қарғалы ауылдық клубының меңгерушісі болып қызмет атқаруда. Айымхан Әбілдақызы нағыз өнегелі, өнерлі әулеттің ұрпағы.
Үлкен ағасы Ізтілеуов Жұмаділдә 1972-1977 жылдар аралығында Қарғалы ауылдық орталық клубының меңгерушісі болған.
Жолдасы Қазкенов Ғабидин 2007 жылдан бастап осы клубта «Баянист», ал 2014 жылдан – «Музыкалық жетекші» қызметін атқарып келеді.
Ұлы Самидинов Айдос Ғабидинұлы 1993 жылы туылған, 2014 жылдан бастап аталған клубта аккомпаниатор қызметін атқаруда.
Самидиновтер отбасы түрлі отбасылық сайыстарда бірнеше рет 1-орынды иеленген. Өнерлі отбасы жоғары беделге, сенім мен құрметке ие.

Оқытушылар әулетінің басшысы Шпара Василий Кириллович 1927 жылы туылған, Ұлы Отан соғысының ардагері, 1961 жылы Тау-кен металлургиялық техникумын бітірген. Колледжде құпия жұмыс жөніндегі инспектор, экономикалық пәндердің оқытушысы, сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Әулет басшысының жары Пальцева Ираида Александровна 1926 жылы туылған. 1950 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ды аяқтағаннан кейін Тау-кен металлургиялық техникумына саяси экономика, экономикалық география және тарихтан оқытушы болып жұмысқа қабылданды. Көп жыл қоғамдық тәртіп пәндік комиссиясының төрағасы, насихатшы болып, тәлім алушыларды саяси хабарлама өткізуге дайындаумен айналысты. 1967 жылы арнайы орта білім беру саласындағы қызметі үшін «КСРО орта арнайы білім беру саласындағы үздік жетістіктері үшін» төс белгісімен, ал 1970 жылы «КСРО Жоғарғы Кеңесінің атынан «Адал еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Василий Кирилловичтың қызы Зубова Татьяна Васильевна 1958 жылы өмірге келген, мамандарды экономика және есеп бойынша дайындауды жүзеге асыратын оқытушылар әдістемелік бірлестігінің төрағасы. Татьяна Васильевнаның жұмыстағы ерекше жетістіктері болып «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» оқу-әдістемелік оқу құралын басып шығару, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
Күйеу баласы Зубов Юрий Александрович 1955 жылғы туылған. Ауыл шаруашылығы механикаландыру және электрлендіру институтының «Педагогика» кафедрасында зертханашы болып жұмыс жасаған.
Сондай-ақ немересі Зубов Алексей Юрьевич 1993 жылы өмірге келген, колледжде бухгалтерлік-экономикалық пәндердің оқытушысы болып қызмет атқарады.

Әулет басшысы Пак Сергей Антонович 1936 жылы 14 шілдеде Хабаровск өңірінде дүниеге келген. Ол 1955 жылдан 1995 жылға дейін зауытта бөреші болып еңбек еткен. Ол еңбек еткен және еңбегі сіңген зауытқа Бүкілодақтық социалистік жарыстың нәтижесі бойынша КОКП ОК-тің ауыспалы Қызыл ту табысталған. 2005 жылы дүниеден өткен.
Оның жары Пак Надежда Игнатьевна 1937 жылы 30 желтоқсанда Көкшетау облысында дүниеге келген. Ол 1982 жылдан 1994 жылға дейін зауытта ажарлаушы болып жұмыс жасаған және әлеуметтік сайыстардың жеңімпазы болып табылады, «Алтын қол шебері». Қазіргі таңда зейнеткер.
Ұлы Пак Борис Сергеевич 1960 жылғы, 1977 жылы еңбек жолын «Қарағанды металл бұйымдары зауыты» ЖШС-да бөреші қызметінен бастап, қазіргі таңда бас инженер болып қызмет атқарады.
Пак әулетінің барлық отбасы зауыттың қоғамдық өміріне белсене қатысқан.
Видео YouTube:

Әулеттің негізін салушы – Сағади, ал жалғастырушылары ұлдары және Қалиахмет, Нұрахмет, Молдахмет Сағадиевтердің немерелері де оның жолымен жүріп, жарты ғасырдан бері Шығыс Қазақстан облысында орманшы болып жұмыс жасайды.
Немересі Сағадиев Қожахметтің балалары да орманшылар болып табылады. Немерелері Сағадиев Жұмағали Қожахметұлы 1951 жылы тулыған, орман шаруашылығы инженері. 2005 жылдан бастап «Семей орманы» МТОР РММ бас директорының орынбасары. Жұбайы Сағадиева Рауиля Мәдиқызы 1951 жылы дүниеге келген, Морозов орман шаруашылығында инженер болып жұмыс жасаған.
Екінші немересі Сағадиев Жұмахан Қожахметович 1961 жылы дүниеге келген, Морозов филиалында орманшы болып жұмыс жасайды. Ұлдары Сағадиев Талғат және Сағадиев Әсет орман шаруашылығы басшысы және инженер болып еңбек етеді.
Үшінші немересі Сағадиев Жұмағазы Қожахметұлы 1955 жылы туылған, Морозов филиалындағы орман шарушылығы инженеры болып қызмет еткен, 2008 жылдан бастап еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі инженері қызметіне ауыстырылған. «Орман шаруашылығында 30 жыл» төсбелгісіне ие. Сағадиевтер әулетінің мақсаты орманшы кәсібін насихаттау.

Әулет басшысы Жуйков Михаил Александрович зауытта 1990 жылдан бері еңбек етеді. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған, ал қазіргі таңда «Помол» цехының ең жауапты және ең жоғары еңбекақы төленетін қызметі - цемент диірменінің машинисті қызметін атқарады. Михаил Александрович өзінің жасына қарамастан қақпашы ретінде минифутболдан өтетін спартакиадаларға қатысады. 2019 жылғы мамырда турнирдің үздік қақпашысы атағына лайық деп танылған. Сондай-ақ цехтың кәсіподақтар комитетінің Төрағасы қызметін атқарды, кәсіпорындағы ұжымдық шарттарды талқылау жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде бірнеше рет талқылауға қатысқан.
Жұбайы Жуйкова Светлана Вальеревна осы зауытта 2005 жылдан бері жұмыс жасайды. Қазіргі таңда физика-механикалық сынаудың жетекші инженері қызметін атқарады, сондай-ақ ол ТББ және Зертхана кәсіподақтары комитетінің Төрағасы болып сайланған.
Ұлы Жуйков Артем Михайлович зауытқа 2013 жылы келген және әкесінің ізімен цемент диірмені машинистінің көмекшісі ретінде «Помол» цехына келген.

Әулет басшысы Мұхамадиев Әділбек Әнуарбекұлы «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ-да ауысымды механик, Ақтау портының ардагері, кеңес заманынан бастау алған бұрынғы портшылар еңбек әулетінің жалғастырушысы. Әділбек Әнуарбекұлы Ертіс өзені келіп қосылатын Зайсан көлінің жағасындағы балықшылар әулетінде дүниеге келген. Оның әкесі балықшы болған, «Приозерный» айлағы портында кемелерде еңбек еткен, сол жерде үлкен ағалары да жұмыс жасаған.
Отбасылық ошақтың ұйытқысы - Дина Нысанбайқызы 2000 жылдан бастап еңбек етеді, жүкті тиеу-түсіру кешені технологиялар тобының қоймашысы. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің Алғыс хатына ие болған.
Үлкен ұлы Мұхамадиев Руфхат әкесінің ізбасары, 2006 жылы «Теңіз техникасы және технология» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, портқп докер-механизатор болып жұмысқа келеді, ал 2010 жылы кранға ауысады.
Келіні Бекжанова Альфия Гарифуллақызы жүк тиеу-түсіру кешенінің деректерді енгізу және есептер жөніндегі маманы болып қызмет атқарады.

Әулет басшысы Енсебаев Көкенай Енсебайұлы 1927 жылы дүниеге келген, өзінің еңбек жолын Аягөз станциясы вагон участогының қосалқы цехында қара жұмысшыдан бастаған. Түрлі жылдары вагон ұстасы, ескі заттарды қайта өңдеу аумағының бригадирі, дөңгелек және вагон-жинақтау цехының ұстасы болып жұмыс жасаған. 1977 жылдан 1992 жылға дейін жергілікті комитет депосының төрағасы болған. Көкенай Енсебайұлы «Теміржол транспорты социалистік сайысының үздігі» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Қажырлы еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты» мерейтойлық медалімен марапатталған. Оған қазақ темір жол саласының үздігі атағы берілген.
Көкенай Енсебайұлының еңбек жолын оның қыздары мен ұлдары, немерелері мен шөберелері жалғастырып келеді. Осы кәсіпті жалғастырушы ұрпақтың жалпы саны 20 адамнан астам адамды құрайды.

Әулет басшысы – Василий Васильевич Шкодин 1957 жылғы 6 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Приишимка ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1979 жылынан бастап Мәскеу ауданындағы В. М. Комаров атындағы совхозының № 2 бөлімшесінде агроном-лаборант болып жұмыс жасаған. 1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы «Агрохимснаб» ЖШС директоры. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Есіл ауданының құрметті азаматы. Есіл ауданы маслихатының 3 шақырылымының депутаты болып табылады. Әулеттің жалғастырушылары болып «Агрохимснаб» ЖШС-да жұмыс жасайтын ағасы, жұбайы, қызы, күйеу баласы болып табылады. Еліміздің агроөнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, «Құрмет» Орденімен, 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталған.

Әулет басшысы Алдахов Серік Жұмаханұлы 1955 жылы дүниеге келген, 2001 жылдан бері «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-да жұмыс жасайды, қазіргі таңда сейсмикаға төзімділік, ғимараттар мен құрылыстарды тексеру мен бағалау секторының меңгерушісі қызметін атқарады.
Серік Жұмаханұлы ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибелік жұмыстарынан жеткілікті тәжірибесі бар. Ол республика аумағында болған табиғи және төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсене қатысты. Техникалық ғылымдардың докторы, «Құрметті құрылысшы» мемлекеттік наградасы берілген.
Ұлы Алдахов Еркін Серікұлы 1982 жылы туылған, еңбек жолын 2004 жылы «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-да бастаған. Қазіргі таңда типтік және индивидуалды жобалау орталығы конструкторлық бөлімінің конструкторлар тобының жетекшісі қызметін атқарады.
Серік Жұмаханұлы Луговое және Кишинёвтегі жер сілкінісі, Қызылағаштағы су тасқыны сияқты табиғи төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, ал ұлы Еркін Серікұлы Орал, Қызылағаштағы су тасқынына, Текелі және Сүмбе қалаларындағы жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысқан.