Меню

Страницы

Статья

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Суды үнемде – болашақты сақта!» акциясын қолдайды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Суды үнемде – болашақты сақта!» акциясын қолдайды.

Үлкен үнемдеуге апаратын қарапайым қадамдар.

Әрбір адам мен әрбір отбасының күнделікті әрекеттері жылына мыңдаған литр суды сақтап қалуға қабілетті.

Тіс тазалағандашүмекті үнемі ағызып қоймай, суды стақанға құйып пайдалану жылына 6300 литр суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ванна қабылдаудың орнына қысқа уақыттық душты таңдау жыл сайын 15 600 литрге дейін суды сақтауға көмектеседі.

Жеміс-жидек пен көкөністі ағынды судың астында емес, бөлек ыдысқа салып жуу жылына 1500 литрге дейін суды үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Тұрмыстық техниканы толық жүктеу. Кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды тек толық толған кезде ғана пайдалану 6 адамнан тұратын отбасы үшін жылына 35 000 литрге дейін суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Екі режимді су төгу багын орнату жылына 6000 литрге дейін, ал сенсорлы шүмектерді орнату — 4500 литрге дейін суды үнемдеуге көмектеседі.

Шүмектер мен сантехникалық жабдықтарды жүйелі түрде тексеріп тұру су тұтынуды 10%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Тіпті кішкентай ғана су ағудың өзі тәулігіне 100 литрге дейін судың шығын болуына әкеп соғуы мүмкін.

Әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігі – ел ресурстарын сақтаудың кілті. Суды бүгін үнемдей отырып, біз келесі ұрпақ үшін болашақты сақтаймыз.

Дата публикации
11 июня 2026
Дата обновления
11 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы