Ішкі аудит департаментінің
аудиторлық іс-шараларының қорытындылары
туралы ақпарат
Ішкі аудит департаментінің 2026 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-да (электрондық ішкі мемлекеттік аудит) аудиторлық іс-шара өткізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу порталында сенімхаттардың және шот-фактуралардың электрондық нысандарын тіркемей тауарларды қабылдауға байланысты рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі аудит нәтижелері туралы есеп және ішкі аудит нәтижелері туралы есебіне қорытындылар мен ұсынымдарды қамтитын Министрдің шешімі ішкі мемлекеттік аудит объектісінің басшысына жолданды.
Сонымен қатар, аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша ішкі аудит объектісі жұмысының тиімділігін арттыру үшін ұсынымдар берілді.