2020 жылдың 3-тоқсанындағы мемлекеттік аудит қорытындысы
2020 жылдың 3-тоқсанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Ішкі аудит департаменті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінде 2 аудиторлық іс-шаралар жүргізді.
«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Манғыстау облысы бойынша департаменті» РММ-де тиімділік және сәйкестік аудиті ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізілді.
Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 34583,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар – 24868,2 мың теңге;
- рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 24 тармақ 9715,0 мың теңге.
Өтелуге тиісті қаржылық бұзушылықтардың сомасы 348,1 мың теңге.
Сондай-ақ, қалпына келтіруге жататын қаржылық бұзушылықтар сомасы 17335,4 мың теңге аудит барысында есепке алу бойынша қалпына келтірілді.
Аудит нәтижесі бойынша аудит объектісіне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға, аталған бұзушылықтарды жіберген кінәлі жауапты тұлғалардың жауапкершілігін белгіленген тәртіпте қарауға шешім жіберілді.
Бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша аудит объектісі жұмысты жалғастыруда.
«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де сәйкестік аудиті ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізілді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 118,9 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Аудит барысында өтеуге жататын қаржылық бұзушылықтар сомасы 118,9 мың теңге толық көлемде өтелді.