Меню

Страницы

Статья

Бизнесті мемлекеттік қолдау

Азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарапынан келесі шаралар қарастырылған:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

- халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беру.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту skills.enbek.kz порталында онлайн режимде жүзеге асырылады. Оқу ұзақтығы күнтізбелік 14 күннен аспайды және оқу материалдарын өз бетінше игеру жолымен жеке тәртіппен өтеусіз негізде өткізіледі.

«Бастау Бизнес» жобасының негізгі міндеттерінің бірі кәсіпкерлікпен айналысу әлеуеті бар жұмыссыз және нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту арқылы экономикалық процестерге тарту, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің экономикалық әлеуетін кеңейту болып табылады.

Оқыту бизнес, экономика, менеджмент және маркетинг бойынша базалық білім алуға, нарықтық жағдайларда болашақ қызмет үшін практикалық дағдылар базасын құруға бағытталған.

«Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға мүмкіндігі бар санаттар айқындалған:

1) жұмыссыздар;

2) Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген қысқартылатын жұмыскерлер;

3) дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар және (немесе) әрекетсіз дара кәсіпкерлер;

4) отбасылық кәсiпкерлiкте еңбекақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар;

5) жеке қосалқы шаруашылықта сату (айырбастау) үшін өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз адамдар;

6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз өндірістік кооператив мүшелері;

7) ісін жаңадан бастаған және/немесе жұмыс істеп жүрген дара кәсіпкерлер болып табылатын адамдар кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтеді.

Курс қорытындысы бойынша қорытынды тестілеу өткізіледі.

Сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) пайызынан көп дұрыс жауап алған адамға платформада бірегей нөмір беріле отырып, оқуды аяқтағаны туралы электрондық сертификат беріледі. Сертификат жеке кабинетте көрсетіледі.

Оқуды аяқтау туралы сертификат оны алған күннен бастап үш жыл бойы жарамды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беру

Гранттарды берудің тәртібі Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар)  реттеледі (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығы).

Қайтарымсыз гранттар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына 400 АЕК дейінгі мөлшерде беріледі.

Гранттар алу үшін өтініштерді қабылдау лектер бойынша жүзеге асырылады. Грант алуға үміткерлерден өтініштерді қабылдау және олардың бекітілген Қағидалардың талаптарына сәйкес нысаналы санатқа жататынын тексеру Business.enbek.kz порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Қағидалардың 11-тармағына сәйкес гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі, оларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алушылар және (немесе) олардың жұбайы (зайыбы), асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбек етуге қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) олардың жұбайы (зайыбы) жатады.

Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі 1 (бір) жылдан аз дара кәсіпкер ретінде гранттар алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

Портал автоматты түрде үміткердің халықтың әлеуметтік осал топтарының біріне сәйкестігін және мерзімі жүгінген сәтте үш жылдан аспайтын «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін аяқтау туралы электрондық сертификаттың немесе бұрын қатысқаны туралы сертификаттың болуына тексеруді жүзеге асырады.

Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы сауда объектілерінің аумағында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі.

Грант қаражатын пайдалану тек қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

Дата публикации
Дата обновления
31 августа 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы