Меню

Страницы

Статья

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. Сарбасов БҰҰ-ның ұсынымдарының орындалуы туралы хабардар етті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» атты консультативтік-кеңесші органның отырысына қатысып, оның барысында БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактісінің ҚР орындалуы туралы екінші баяндамасын қорғау қорытындылары бойынша ұсынымдардың орындалуы туралы хабардар етті.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти ЛИЧ, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшысы және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Отырыста сөз сөйлеген Ақмәди Сарбасов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні (бұдан әрі – Пактіні) орындау туралы Ұлттық баяндамаларды ұсыну жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауы шеңберінде БҰҰ-ның комитетімен ынтымақтастықты жүзеге асыратынын атап өтті.

Пактінің орындалуы туралы алғашқы ұлттық баяндама 2007 жылы БҰҰ-ның комитетіне жіберілді және 2010 жылғы 10-11 мамырда өткен отырыста қаралды, оның қорытындысы бойынша Үкіметке 37 ұсыныс берілді. Пактіні орындау жөніндегі Екінші ұлттық баяндама 2019 жылғы 27-28 ақпанда БҰҰ-ның комитетінің отырысында қаралды, қорғау қорытындысы бойынша Үкіметке 30 ұсыныс берілді. Пактіні орындау жөніндегі үшінші мерзімді баяндама ағымдағы жылдың сәуір айында БҰҰ-ның комитетіне жолданды.

Ұсынымдарды орындау мақсатында елге білікті кадрлардың келуін ынталандыруға, шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғауға, ел өңірлері арасындағы демографиялық теңгерімсіздіктерді жоюға және тұтастай алғанда көші-қон саясатын «қайта жүктеуге» бағытталған 2027 жылға дейінгі (2022 жылғы 30 қарашада) Көші-қон саясатының тұжырымдамасы қабылданды.

Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс жандандырылды, визалық режим, шақыруды ресімдеу, келетін шетел азаматтарының келуі мен тіркелу тәртібі жеңілдетілді, визалық-көші-қон порталы жаңғыртылды. Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілді және «Электрондық үкімет» порталы арқылы автоматтандырылды.

Әлеуметтік, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктердің де Қазақстан азаматтарымен бірдей құқықтары, оның ішінде мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқықтары болады.

2021 жылғы 12 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды, онда әйелдердің еңбегі шектелетін жұмыстардың тізімі жойылды.

Бұл шара қауіпті және зиянды еңбек жағдайларына жататын барлық жұмыстарға, оның ішінде өнеркәсіп (мұнай-газ, тау-кен өндіру, өңдеу), көлік және құрылыс салаларындағы жұмыстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету жолымен әйелдерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасында 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданды, ол жұмыс орындарындағы кәсіптік тәуекелдерді бағалау негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін дамытуға бағытталған. Бұл жұмыс еңбекті қорғау саласын толық көлемде цифрландырумен сүйемелденетін болады. Кәсіпорындардың цифрлық картасы құрылды, ол нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларына мониторинг жүргізуге және теріс өзгерістерге уақтылы жауап беруге мүмкіндік береді. Мониторинг үшін мәліметтерді мемлекеттік еңбек инспекторларымен қатар кәсіподақтар да енгізетін болады.

Қызметкерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын тағы бір стратегиялық құжат Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы болып табылады. Тұжырымдама аясында сапалы жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті, болжамды және оңай бейімделетін еңбек нарығын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Министрлік жанынан еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті (6.08.24 ж.ҚРРК) құрылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12 маусымында Министрлік, әлеуметтік әріптестер және халықаралық еңбек ұйымы лайықты еңбекке жәрдемдесу жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жол картасына қол қойды.

Кәсіподақтардың құқықтары жөніндегі ұсынымды іске асыруға қатысты ағымдағы жылы Үкімет, Республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері және республикалық кәсіподақтар бірлестіктері арасында ХЕҰ-ның тоғыз конвенциясының тізбесі көзделген 2024-2026 жылдарға арналған жаңа
Бас келісімге қол қойылды.

Әлеуметтік қорғаудың ең төменгі деңгейлері туралы ұсынымды іске асыру шеңберінде Қазақстанда іске асырылып жатқан жаңа әлеуметтік саясат ауқымды өзгерістердің маңызды аспектісі болып табылады. Бұл қайта құрулардың негіздері Әлеуметтік кодексте көрсетілген.

Дата публикации
06 декабря 2024
Дата обновления
06 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы