2024 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.К. Тоқаевтың Сербия Республикасына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сербия Республикасының Еңбек, жұмыспен қамту, ардагерлер және әлеуметтік істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум мыналарға бағытталған:
а) еңбек қатынастары мен еңбек нарығындағы саясатты дамыту, сондай-ақ еңбек көші-қоны саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру;
б) жұмыссыздық деңгейін төмендету және түрлі тәуекел тобындағы халықты, оның ішінде жастар мен мүгедектер арасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды өткізу саласында тәжірибе алмасу;
в) жұмыссыздар мен тәуелсіз қызметкерлердің кәсіпкерлік қызметін дамытуға жәрдемдесу саласында тәжірибе алмасу;
г) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мүгедектерді қолдау жүйесін, оның ішінде әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту;
д) әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру;
е) әлеуметтік қорғауға мұқтаж отбасыларды қолдау қызметтерін қамтамасыз ету, жетілдіру және дамыту және кедейлікпен күрес.