Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік серіктестік шеңберіндегі ынтымақтастыққа шақыру

Әлеуметтік серіктестік шеңберіндегі ынтымақтастыққа шақыру

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының (АӘҚКО) қызметін трансформациялау жобасын іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдарды, бизнесті және азаматтық бастамаларды ынтымақтастыққа шақырады. Жобаның мақсаты – АӘҚКО бизнес-процестерін кезең-кезеңімен цифрландыру және автоматтандыруды жүзеге асыру болып табылады.

Жобаның қысқаша сипаттамасы: Жоба арнайы әлеуметтік қызметтерді алушылардың, соның ішінде аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға және әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған. АӘҚКО қызметін кезең-кезеңімен цифрландыру, бизнес-процестерді автоматтандыру арқылы қызмет алушыларға сапалы әлеуметтік қызметтерді, дәрілік заттарды, қойма қорларын есепке алу, тамақтануды есепке алу, мамандардың жұмысын және олардың тиімділігін есепке алу сияқты және басқа да мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.

Жобаны тиімді іске асыру үшін келесі модульдерді енгізу көзделген:

«Жеке кабинет» модулі – ҚР қызметкерлері, мемлекеттік органдар және азаматтары арасындағы тиімді өзара іс-қимыл платформасын құрып, АӘҚКО ақпараттық ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

«АӘҚКО есебі» модулі – арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының барлық тіркелген мекемелерінің толық және құрылымдалған есебін жүргізуді қолдайды.

«Кадрлық есеп» модулі – кадрлық есепті жеңілдету үшін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қызметкерлерінің дерекқорын қалыптастырады.

«Шарттар» модулі – АӘҚКО жасалатын шарттар, қаржылық жоспарлар және келісімдерді тіркеу және есепке алу процесін автоматтандырады.

«Қызмет алушылардың қозғалысын есепке алу» модулі – АӘҚКО қызметтерін алу кезінде қызмет алушылардың қозғалыс тарихы мен мәртебесіне қатысты ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етеді.

«Тамақ өнімдерін есепке алу» модулі – әрбір қызмет алушыға тамақ өнімдерін тұтыну мен есептен шығару бойынша дараланған есеп жүргізуге арналған.

«Қызмет алушылар үшін сатып алынатын тауарларды есепке алу» модулі – қызмет алушыларды қамтамасыз ету үшін қажетті сатып алынатын тауарлардың нақты есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

«Инвентарьды есепке алу» модулі – АӘҚКО-ның мүліктері мен материалдық қорларын жинау және есепке алуды автоматтандырады.

«Дәрілік заттар және медициналық бұйымдарды есепке алу» модулі – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дараланған есепке алуды қолдайды.

«Тарифті қалыптастыру» модулі – арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша тарифтерді есептеу үшін деректерді жинақтайды.

«Төлемдер» модулі – көрсетілген әлеуметтік қызметтер үшін төлем құжаттарын қалыптастырады, төлем процесін оңтайландырады.

«Индикаторларды есептеу» модулі – белгіленген параметрлер бойынша негізгі тиімділік көрсеткіштерін жинауды және есептеуді автоматтандырады.

«Көрсеткіштер мен рейтингтер» модулі – АӘҚКО қызметін бағалау мен антирейтингтерді қалыптастыру арқылы сапаны арттырады.

«Қызмет көрсету сапасын мониторингілеу» модулі – АӘҚКО әрқайсысының көрсетілетін қызметтерінің тиімділігін бақылап, талдайды.

«Төлемдерді бақылау» модулі – көрсетілген қызметтер мен шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылайды.

«Есеп беру және статистика» модулі – таңдалған кезең бойынша стандартты есептер мен статистиканы қалыптастырып, аналитикалық деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Хабарламалар» модулі – АӘҚКО қызметіне қатысты хабарламалар мен ескертулерді жіберу мен бақылауды ұйымдастырады.

«Әкімшілік» модулі – деректердің қорғалуын жақсарту үшін пайдаланушыларға кіру құқықтарын бөлуді реттейді.

«НАА» (нормативтік-анықтамалық ақпарат) модулі – анықтамалықтарды, жіктеушілерді және каталогтарды біртұтас деректер басқару үшін жүйелейді.

«Сыртқы және ішкі өзара әрекеттестік» модулі – қызметке бағытталған архитектура негізінде әртүрлі АЖ арасында хабар алмасуды қамтамасыз етеді.

«Деректерді талдау» модулі – жинақталған деректердегі жасырын заңдылықтарды анықтайды және болжау үшін модельдер жасайды.

«Журналдау» модулі – жүйедегі барлық пайдаланушылар әрекеттері мен операцияларды тіркейді, процестердің ашықтығы мен бақылауын жақсартады.

Аталған модульдер Министрлікке АӘҚКО трансформациялау мақсаттарына жетуге, қызметтердің сапасын арттыруға, процестерді жеңілдетуге және қызмет алушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, ынтымақтастық үшін келесі мүмкіндіктер ұсынылады:

- Ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау;

- Жобаны ілгерілетуге көмек көрсету және консультациялық қолдау;

- Іс-шаралардың тиімді өткізілуін қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимыл.

 Серіктестерге қойылатын талаптар:

- Әлеуметтік саладағы түрлі АТ жобаларды іске асыру тәжірибесі;

- Ұсынылған бастаманы өз бетінше іске асыру үшін білікті мамандар мен ресурстардың болуы;

- Жобаның бюджет қаражатынсыз жүзеге асырылуына үлес қосу мүмкіндігімен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайындық.

Қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады. Өтінім беру немесе қосымша ақпарат алу үшін бізбен байланысыңыз:

Телефон: 8(7172)-95-43-18 (вн.165/305); 74-28-66
Email: Zh.nauryzbaev@enbek.kz; n.azbergenov@enbek.gov.kz

Осы шақыруға қосымша ретінде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында енгізуге арналған ақпараттық жүйелерді іріктеу критерийлерінің кестесі ұсынылады, онда осы жобаны жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйелерге қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

  

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында енгізуге арналған ақпараттық жүйелерді

іріктеу өлшемшарттары

Талаптар кестелерінде келесі санаттар (түрлер) немесе талаптар қолданылады:

- M — минималды міндетті талап; бұл талапқа ұсынылған шешім міндетті түрде сәйкес келуі керек; осы талаптың толық немесе ішінара орындалмауы қатысушының ұсынысын қабылдамауға әкелуі мүмкін.

  - D — қалаулы талаптар; осы талапқа сәйкессіздік қатысушының ұсынысын қабылдамауға әкелмейді, бірақ сәйкестік ұсыныстың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Бұл критерийлер арқылы ұсыныстардың сапасын бағалап, ең тиімді шешімдерді таңдауға мүмкіндік береді.

№

Түрі

Талап

1.                 

M

Ақпараттық жүйе (бұдан әрі — Жүйе) лицензияланған болуы және Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

2.                 

M

Жүйе қызметтерді көрсету үшін қажет Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялану және өзара әрекеттесу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

3.                 

M

Жүйе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған жеңілдіктер, құқықтар және субсидиялар туралы мәліметтерді қамтитын өзекті классификаторлар мен анықтамалықтарды қолдануды қолдауы тиіс.

4.                 

M

Жүйе азаматтар туралы өзекті деректерге қол жеткізу үшін медициналық қызмет көрсету жүйелері, зейнетақы қоры, салық комитеті және басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялану мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

5.                 

M

Жүйенің модульдері мен/немесе құрамдас бөліктері деректерді бір-бірімен http (s) - протоколдарын пайдаланып, деректерді беру үшін қауіпсіз байланыс қолдауымен алмасу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

6.                 

M

Жүйе сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграцияны қамтамасыз ететін, сонымен қатар ішкі модульдер мен сыртқы жүйелер арасындағы автоматтандырылған деректер алмасу мүмкіндігін беретін тәуелсіз интерфейстермен сервис-ориентирленген архитектураға ие болуы тиіс.

7.                 

M

Жүйе әлеуметтік қызметкерлер, орталық мамандары, орташа персонал және басшылар сияқты түрлі пайдаланушы топтарына веб-қосымша арқылы қолжетімді минималды функционалға ие болуы тиіс:

- Паспорттық деректерді жүргізу (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректер алу);

- Клиенттердің қажеттіліктері мен мәртебесі туралы ақпарат жүргізу;

- Көрсетілген қызметтер туралы деректерді жүргізу;

- Әлеуметтік-тұрмыстық көмек, оңалту қызметтері және консультациялар туралы деректерді жазу;

- ерекше санаттағы адамдар (мүмкіндігі шектеулі, зейнеткерлер) үшін медициналық көрсеткіштерді, жазбаларды және тарихтарды жүргізу;

- Әрбір клиент үшін іс-шаралар жоспарын жасау және басқару;

- Есептік формаларды қалыптастыру;

- Қызметкерлердің қосымша жазбаларын жүргізу.

8.                 

M

Жүйе фактілік шығындар мен есептеулерді есепке алу үшін енгізілген бухгалтерлік жүйемен интеграцияны қамтамасыз етуі тиіс.

9.                 

M

Жүйе жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуі тиіс: деректерді сақтау мен беру кезінде шифрлеу, деректер алмасу үшін қауіпсіз арналарды және қауіпсіз протоколдарды қолдану.

10.            

M

Жүйе құжаттарды аутентификациялау және қол қою үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалануды қолдауы тиіс. ЭЦҚ қолдану жүйелік әкімші деңгейінде икемді түрде реттелуі керек.

11.            

D

Жүйе қызметкерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «жіңішке клиент» архитектурасын пайдалануы тиіс, қажет болған жағдайда — жабдықпен жұмыс істеу үшін «қалың клиентті» қолдануы тиіс.

12.            

M

Жүйе есептілікке қатысты келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

- Барлық аналитикалық және есептік формаларды .xls, .xlsx, .docx, .doc, .pdf, .csv, .html, .xml форматтарына экспорттау мүмкіндігі;

- Есептік және талдамалық нысандарды кесте бойынша қалыптастыру функциясы;

- Дайындалған есептерді көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына жіберу мүмкіндігі.

13.            

M

Жүйе Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша аттестациядан өтуі тиіс.

 

Дата публикации
05 ноября 2024
Дата обновления
05 ноября 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы