Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша 2020 жылдың 1 тамызына шартсыз ақшалай көмек (ШАК) 104,3 мың адамға, шартты ақшалай көмек (ШАК) 559,7 адамға тағайындалды. Республика бойынша шартсыз ақшалай көмектің (ШАК) 1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 11723,0 теңгені, ал шартты ақшалай көмектің (ШАК) 1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 7331,7 теңгені құрады.
Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша 2020 жылдың 1 тамызына аз қамтылған отбасылар қатарындағы 705,8 мың азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Республика бойынша аталған көмектің бір айда 1 алушыға шаққандағы орташа мөлшері 7789,8 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаражаттың 49,1 пайызы ауыл тұрғындарына төленді.