Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы III тоқсандағы Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 538 бұйрығымен бекітілген (2024 жылғы 13 қантардағы енгізілген өзгерістерімен) 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті 2024 жылдың III тоқсанында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де (бұдан әрі – Мекеме) аудиторлық іс-шараны өткізді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жанар-жағар майларды шектен тыс есептен шыгару, жалақы және қосымша төлемдерді артық төлеу, аванстық есептерді дұрыс ресімдемеу, салықтар, коммуналдық төлемдер бойынша дебиторлық берешекті қалыптастыру, зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде және медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша және басқалары орын алды. Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын сақтамауға жол берілген.

Анықталған бұзушылықтардың себебі аудит объектісінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтамауы болып табылады.

Бюджет кірісіне өтеуге жататын қаржылық бұзушылықтар 613,0 мың теңге сомасын құрады аудит жүргізу барысында толығымен өтелді.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектісінің басшысына ішкі аудит нәтижелері туралы есепке Министрдің шешімі жіберілді және Қазақстан Республикасы заңнамасын одан әрі бұзушылықтарды жою және алдын-алу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі аудит объектісі жұмысының тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті қатаң сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.

Департамент объектілерге ішкі аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық көмегі көрсетілді.

Дата публикации
02 октября 2024
Дата обновления
02 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы