Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі:
1) тұрмыстағы қызмет алушылардың тыныс-тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді;
2) қызмет алушылардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді;
3) қызмет алушыларды қоршаған ортаға әлеуметтік бейімдеуге, әлеуметтендіру мен кіріктіруге бағытталған олардың психологиялық жағдайын түзетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді;
4) балалардың, ТҚА бұзылған балалардың физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, оларды педагогикалық түзетуге және оқытуға, сондай-ақ балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, 18 жастан асқан адамдарға тұрмыстық дағдыларды үйретуге бағытталатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді;
5) қызмет алушылардың бойында еңбек дағдыларын қалыптастыруға, 18 жастан асқан адамдардың, мүгедектердің, қарттардың және үйсіз адамдардың бойында қалған еңбек дағдыларын сақтау мен дамытуға және еңбек қызметiн ұйымдастыруға бағытталған әлеуметтiк-еңбек қызметтердi;
6) бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға қызмет алушыларды тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтерді;
7) қызмет алушылардың өмір сүру деңгейін қолдау мен жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтерді;
8) қызмет алушылардың құқықтық мәртебесін қолдауға немесе өзгертуге, заңды көмек көрсетуге, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.