Меню

Страницы

Статья

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) қандай құқықтары мен міндеттері бар?

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының):

     1) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруге;

     2) өзінің құқықтары, міндеттері мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу шарттары туралы ақпарат алуға;

     3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізуге және оны айқындауға қатысуға;

     4) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және (немесе) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауға;

     5) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға немесе олардан бас тартуға;

     6) лауазымды адамдардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

     7) лауазымды адамдарға немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге мәлім болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына құқығы бар.

     Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы):

     1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау және оларды көрсету туралы шешім қабылдау үшін толық және дұрыс ақпарат беруге;

     2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау процесіне кедергі келтірмеуге;

     3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді осы қызметтерді көрсетуге әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.

Дата публикации
06 декабря 2019
Дата обновления
06 декабря 2019
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы