Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы II тоқсандағы Ішкі аудит басқармасының аудиторлық іс-шаралар қорытындылары бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 538 бұйрығымен бекітілген (2024ж.13.01 № 5 бұйрықпен өзгерістер енгізілген) 2024 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит басқармасы               2024  жылдың II тоқсанында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-да, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ-де 2 аудиторлық іс-шаралар өткізілді.

Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды: зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлігінде, бюджет қаражатын жоспарлау кезінде; сыйақы және іссапар шығындарын өтеу саласында, сондай-ақ акционерлік қоғамдар туралы заңнаманы бұзу фактілері және т.б.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын сақталмауы орын алған.

Бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берудің себептері ішкі бақылаудың әлсіз жүйесі, жауапты тұлғалардың функционалдық міндеттеріне тиісінше қарамауы, сондай-ақ объектілердің ішкі құқықтық актілерінің жетілмегендігі болып табылады.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою, бизнес-процестерді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау туралы қорытындылар мен ұсынымдар қалыптастырылды.

Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу барысында аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетілді.

Дата публикации
28 июня 2024
Дата обновления
28 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы