"Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру" жобасын басқару тобына - жұмыспен қамту және ақпараттық жүйелерді үйлестіру жөніндегі маман бос орынға орналасуға конкурс»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру" жобасын басқару бойынша
топқа жұмыспен қамту және ақпараттық жүйелерді үйлестіру жөніндегі маман бос орын позициясына орналастыру үшін конкурс жариялайды (Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы).
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1) инженерия, математика, Ақпараттық технологиялар, экономика, менеджмент саласында немесе басқа да тиісті салаларда жоғары білім; мүмкіндігінше магистр дәрежесінің болуы;
2) ақпараттық жүйелердің аудиті және/немесе ақпараттық жүйелерді, платформаларды әзірлеу, енгізу және басқалар саласындағы жұмыс тәжірибесі;
3) Жұмыспен қамту саласындағы жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады;
4) халықаралық жобаларда жұмыс тәжірибесі қосымша артықшылық болып табылады;
5) пайдаланушы деңгейінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары (MS Office, Internet Explorer);
6) жақсы ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылар, іскерлік қарым-қатынастың және хат жазысудың тиімді дағдылары, ұйымдастырушылық және презентациялық дағдылар, командада жұмыс істей білу және міндеттерді шешуге бағытталу;
7) ауызша және жазбаша ағылшын тілін еркін меңгеру.
Жеке консультанттарда іріктеу ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша Консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы іріктеу және жалдау жөнінідегі 2011 жылығы қаңтардағы Дүниежүзілік банктің нұсқаулығында(2014 жылғы шілдедегі редакцияда) көрсетілген рәсімдерге сайкес өткізіледі.
Барлық конкурсқа қатысушыларды және біліктілік талаптарына сәйкес келетіндері және ағылшын тілдеріндегі түйіндемені және таңдалған тапсырмада біліктілікті айқындайтын ақпаратты 2020 жылғы 2 тамызға дейін kzsj_zakup@mail.ru электрондық мекен жай бойынша, Хаттың тақырыбында міндетті түрде позицияны «ИТ маман» көрсетумен ұсынуды сұраймыз.